Аурудың клиникалық формалары:
бубондық;
ангинозды-бубондық;
көзбубондық
өкпелік;
абдоминальдық;
генерализденген.
Аурудың түрлеріне байланысты:
Иммунитет.Ұзақ уақытқа сақталады. Гуморальдық және клеткалық факторлармен анықталады. Аурудың алғашқы күнінен бастап аллергиялық күйде болу туляремияға тән қасиет.
Алдын алу.Кеміргіштер және жәндіктермен күрес. Жалпы санитарлық шаралар.
Арнайы алдын- алу. Табиғи ошақтар зонасын мекендейтін адамдарды иммунизациялау. Ол үшін тірі Гайский-Эльберт вакцинасы қолданылады. Вакцинация тері бетіне бір рет жасалады. Иммунитет 3-6 жылға қалыптасады.
Емдеу. Туляремия бактериялары көптеген антибиотиктерге сезімтал. Олар: стрептомицин, биомицин, мономицин, канамицин, тетрациклин. Пенициллин мен сульфаниламид препараттарына сезімтал емес.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1.Оба қоздырғышын кім,қай жылы ашты?
2.Оба қоздырғышының морфологиялық ерекшелігі неде?
3.Оба қоздырғышының эпидемиологиясы қандай?
4.Оба қоздырғышының алдын алуы, емдеуі қандай?
5.Бруцеллез қоздырғышын кім,қай жылы ашты?
6.Бруцеллез қоздырғышының морфологиялық пішіні қандай?
7.Бруцеллез қоздырғышының резистенттілігі қандай?
8.Күйдіргі бацилласын ашқан кім?
9.Күйдіргі бацилласының морфологиясы қандай?
10.Күйдіргі бацилласының инфекциякөзі, таралу жолдары қандай?
11.Күйдіргінің алдын алуы, емдеуі қандай?
12.Туляремия қоздырғышының ашқан оқымысты кім?
13.Туляремия қоздырғышының морфологиясы қандай?
14.Туляремия қоздырғышының инфекциякөзі,таралу жолдары қандай?
15.Туляремия қоздырғышының патогенезі қандай?
16.Туляремия қоздырғышының алдын алуы, емдеуі қандай?
17.Туляремия қоздырғышының иммунитеті қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |