Антигендік қасиеті.Күйдіргі микробының негізгі екі антигені болады. Жасуша қабырғасында соматикалық, полисахаридтік антигені бар, температураға тұрақты, бұган қарсы антиденелер бөлінбейді, дақылдарда және мәйітте ұзақ сақталады. Асколидің преципитациялық реакциясымен анықталады. Ал капсулалық протейндік антиген фагоцитарлық әсерге қарсы тұрады.
Патогенділік факторлары. Күйдіргі микробының патогенділік факторларына экзотоксині мен капсуласы жатады.Экзотоксин күйдіргі патогенезінде және спецификалық иммунитеттің түзілуінде негізгі орын алады. Микроб капсуласы олардың макрофагтарға адсорбциялануынан және фагоцитоздан сақтандырып, макроорганизмннің ағзалары мен тіндерде еш бөгетсіз көбейіп таралуынамүмкіндік береді.
Резистенттілігі қоздырғыштың тіршілік ету формасына тікелей байланысты болады. Тірі организмде қоздырғыш вегетативті түрде болады, сыртқы ортада тұрақты спора түзеді. Вегетативтік формаларының тұрақтылығы төмен: 1000 С-та бірден жойылады, 55-60 0 С-та 30-40 минуттан кейін жойылады, қалыпты концентрациядағы дезинфекциялаушы ерітінділерде бірнеше минуттан кейін жойылады. Қоздырғыш споралары жоғары тұрақтылықпен ерекшеленеді, сондықтан қоршаған ортада өте ұзақ уақыт сақталына алады: 15-20 минут қайнатқанға шыдайды, 120 С-та автоклавтаған кезде 20 минутқа шыдайды, төменгі температурада, сұйық азот және кейбір дезинфектанттар әсер еткенде, құрғатуда, суда бірнеше жыл, ал топырақта ондаған жылдар бойы өмірге қабілеттілігін сақтайды.
Эпидемиологиясы.Күйдіргі қоздырғышына сезімтал болып келетіндер – ірі және ұсақ қара мал, жылқылар, түйелер, шошқалар, жабайы жануарлар. Күйдіргі барлық жерде таралған. Қазақстан Республикасында 1500-нан астам қауіпті жерлер барлық облыстарда орналасқан. Бұл індетке адамдардың жалпыламай сезімталдығы бар, бірақ адам эпидемиялық тізбекте кездейсоқ нысана.Адамдар арасындағы аурудың эпизоотия таралуымен байланысты. Инфекцияның көзі – ауру жануарлар. Қоздырғыштың топырақта ұзақ сақталуы жануарлар арасында түйнеменің эндемиялық ауруының тууына себеп болады.
Инфекцияның таралу жолдары әртүрлі: қатынасты – тұрмыстық (жануарларды қарағанда, терісін алғанда, ауру жануарлардың терісі мен жүнінен өнім жасағанда), аэрогенді (микробы бар шаңды жұтқанда), тағамдық (ауру жануарлардың шала өңделген етін қолданғанда) және трансмиссиялық (шыбын–шіркейлер қан сорғанда)
Патогенезі.Күйдіргі қоздырғышы – макроорганизмде тез көбеюге қабілетті, лимфо және гематогенді жолмен таралатын, тек қана өзіне тән терминальдық септицемия шақыратын инвазивтілігі жоғары микроб. Қоздырғыштың негізгі ену қақпасы зақымдалған тері, сирек жағдайда тыныс алу және асқорыту жолдарының шырышты қабаттары болып табылады. Қоздырғыштың енген жерінде күйдіргі карбункулы пайда болады. Қозғалғыш макрофагтардың қоздырғышты лимфа тамырларына тасымалдап, алып баруының салдарынан, жақын жатқан лимфа түйіндерінде лимфаденит дамиды. Үрдістің генерализациялануы, яғни қоздырғыштың қан арқылы бүкіл ағзаға таралуы терілік формасында сирек кездеседі.
Күйдіргінің патогенезінің негізінде, қоздырғыштың экзотоксинінің әсерінен туындайтын – спецификалық токсинемия жатыр. Күйдіргілік токсин леталдық, ісінулік, протективтік және иммунодепрессивтік белсенділікке ие, сонымен қатар фагоцитозды басып, тіндердің ісінуімен көрінетін жергілікті қабыну шақырады, инфекциялық үрдістің терминалдық фазасында екіншілік шок тудырады. Негізінен лимфатикалық жүйе, қан және көкбауыр зақымдалады.Инкубациялық кезеңінен ұзақтығы бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, көп жағдайда 2-3 күн.
Достарыңызбен бөлісу: |