«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет26/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Ферментативтік қасиеттері. Пассивті. Арнайы орталарда глюкоза, мальтоза, манноза, левулезаны қышқылға дейін ыдыратады. Кейбір штаммдары глицеринді ыдыратып, күкіртті сутек түзуі мүмкін.
Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді деген жорамал бар, өйткені туляремия бактериясынан экзотоксин бөлінбеген.
Антигендік құрылысы.S формалы туляремия бактериясының О және Vi антигендері бар. Vi антигені микробтың вируленттік және иммуногендік қасиеттеріне жауап береді. R формалы Vi антигенін жоғалтады. Бұл қоздырғыштың О антигені сарып бактерияларының жалпы антигенінің құрамына кіреді.
Қоршаған орта факторларына тұрақтылығы. 1000 С градуста тез арада жансызданады. 600 С градуста 20 минут тіршілік етеді. Төмен температура мен ылғалды топырақта қоздырғыш 4-5 айға дейін сақталады. 10 С градус суда 9 айға дейін, бидай мен соломада 00 С градуста- 150 тәулік, нанда-14 күн, етте-30 күндей сақталады. Дезинфекциялық ерітінділер 10-15 минутта микробты жояды. Туляремия бактериялары көптеген антибиотиктерге сезімтал.
Жануарлардың сезімталдығы.Туляремия қоздырғышы көптеген жануарлар үшін патогенді болып саналады. Табиғи түрде бұл ауруды жұқтырған 145 омыртқалы, 100 омыртқасыз жануарлар белгілі. Әсіресе көптеген кеміргіштер мен жәндіктер туляремияға аса сезімтал болып келеді. Тәжірибелік жануарлардан сезімталдық көрсететін ақ тышқандар мен теңіз шошқалары.
Инфекция көзі. Кеміргіштер-су егеуқұйрықтары, үй тышқандары,қояндар т.б.
Жұғу көздері- су, тағамдар, пішен (шөп) және ауру жануарлардан бөлінген субстраттар.
Жұғу жолдары. Трансмиссивті. Ауа-шаңы. Тұрмыстық-қатынас.
Патогенез. Туляремия бактерияларының инвазиялық қасиеттері жоғары. Олар ағзаға зақымдалған және зақымдалмаған тері, сондай-ақ шырышты қабаттар арқылы енеді. Ағзаға ену жолына байланысты қоздырғыш теріде, ішектің, тыныс алу жолдарының, көздің тағы да басқа мүшелердің кілегейлі қабатында шоғырланады. Кіру қақпасынан лимфа жолдары арқылы лимфа түйіндеріне өтіп, сол жерде көбейіп, қанға барады. Қоздырғыш шоғырланған ошақта туляремия гранулемалары алғашқы бубондар пайда болады. Микробтың әрі қарай дамуына байланысты кейінгі бубондар пайда болуы мүмкін. Бубондар орман жаңғағынан тауықтың жұмыртқасына дейінгі көлемде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет