Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша теориялық білімін тексеру.
3. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық.
4. Оқушылардың өз бетімен жұмысы.
5. Жұмыс нәтижесін тексеру, талдау және бағалау.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың жүру барысы
Тапсырма 1. Стандарт. Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық ыдыстарды әзірлеу және залалсыздандыру техникасы.
Мақсаты: Микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін лабораториялық
ыдыстарды әзірлеу және залалсыздандыру техникасын үйрету.
Жабдықталуы: жылы жуғыш ерітінділер, дистелденген су, орау қағаз, жіп, мақта, кептіргіш шкаф, автоклав.
Іс- әрекет алгоритмі:
Лабораториялық ыдыстарды жуып, кептіріңіз;
Мақталы дәкемен немесерезеңкелі тығындармен жабыңыз:
Әрбір ыдысты қағазбен тығындаңыз.
Петри табақшасын 1-5данасын қағазға ораңыз;
Пастер түтікшелерін қалың орама қағазға 3-15 данадан ораңыз;
Кесілген жолақтармен ені 2-2,5 және ұзындығы 70 см бір дана градуирленген түтікшені орама қағазға ораңыз. Ол үшін қағаздың жолақшасын үстел үстіне қойып, сол жақ ұшымен пипетканың ұшынан бастап айналдыра отырып қағаз лентамен байлаңыз, қағаз ұшын түйіп,ораңыз.
Қағазда оралған түтікшелер саны міндетті түрде белгіленеді.
Дайындалған ыдысты кептіргіш шкафта 1сағ.1600С-та немесе автоклавта 1 атмосфералық қысымда 20-30 минут залалсыздандырыңыз.
Залалсыздандыруды бақылау.
Тапсырма 2.Стандарт. Көкжөтелді анықтау және идентификациялау үшін материалдар мен бірінші, екінші, үшінші және төртінші зерттеу кезеңдері.
Мақсаты: зерттеу материалдарынан көкжөтел қоздырғышын бөліп алу, патогенділігін анықтау және көкжөтел қоздырғышын идентификациялаумен бірге зерттеу хаттамасын толтыру.
Зерттеу әдістері: жөтел пластинкалары, серологиялық, бактериологиялық, иммунды-люминесцентті
Достарыңызбен бөлісу: |