«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет48/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Антигендік құрылымы. АИВ-ның серологиялық құасиетін көрсететін бірқатар беткейлі және жүрекшелік антигендері бар. Қазіргі уақытта вирустың 2 антигендік және құрылымдық түрі ажыратылады:АИВ-1,АИВ-2.
Резистенттілігі. Вирус қоршаған ортада, сонымен қатар физикалық, химиялық факторлардың әсеріне тұрақсыз. Бөлме температурасында 4 тәулікте спирт, эфир, гипохлоридпен өңдегенде 4-5 минутте кейін белсенділігін жояды. Жуу ерітінділерінде, қыздырғанда тез өледі, 800 С градусқа дейін қыздырғанда 6-7 минутте, ал 600 С градусқа дейін қыздырғанда 30 минутте өледі.
Жануарлардың сезімталдығы. АИВ-қа тек адамдар сезімтал, АИВ-ның жекелеген белгілерін тек шимпанзе маймылында ғана тудыруға болады, онда да ЖИТС-ың клиникалық белгілері дамымайды.
Эпидемиологиясы. АИВ инфекциясы алғаш 1980-1981 жж АҚШ-да гомосексуалистердің арасында, одан кейін жиі қан құюды талап ететін гемофилиямен ауыратын науқастарда, кейінен нашақорлар мен жезөкшелердің арасында тіркелген. Инфекция көзі -тек ауру адам және АИВ тасымалдаушысы. Вирус негізінде, жыныстық қатынас арқылы, АИВ-мен ауыратын науқастардан алынған материалдарды (қан,сарысу,плазма,басқа қан прпараттары) парентералды еккенде, зарарсыздандырылмаған құралдарды, аспаптарды (шприц, ине, қан құюға қажетті құралдар) қолданғанда, сондай-ақ жатыр ішінде ұрыққа немесе науқас анасы емізгенде балаға АИВ инфекциясы берілуі мүмкін.
Иммунитеті. Имммунитет гуморалды және жасушалық сипатта болады. Антиденелердің маңызы толық анықталмаған.
Емдеу. Емдеу тиімді емес.Кейбір нәтижелер жасушаларда вирустың репликациясын тежейтін, азидотиминді, фосфазидті қолдану өмірін аздап ұзартуға мүмкіндік береді, дегенмен әр түрлі мерзімнен кейін науқас мндетті түрде қайтыс болады.
Алдын алу. Арнайы сақтандыру яғни вакцина егу жоқ. Негізгі алдын алу шараларына нашақорлықпен, жезөкшелік және гемосексуализммен күресу, кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану,медициналық манипуляциялар кезінде бір тттік шприцтер,инелер, қан құю құралдарын пайдалану, АИВ-қа донор мен қан препараттарын т.б. тексеру, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет