Антигендік құрылымы. Құтыру вирусының құрамында журекшелік және беткейләік антигендер анықталған. Гликопротеидті антиген (тікенекті акуыз ) айқын имунногендік қасиетке ие. Құтырудың антигендік қасиеті ұқсас екі вирусы бар: жануарлардың арасында таралған, адамға патогеді жабайы вирус және орқояндардың миына жұқтыру арқылы жабайы вирусты ұзақ уақыт зертханалық жағдайда пассаждау жолымен Л. Пастер алғанбекітілген (фиксацияланған) вирус.
Резистенттілігі. Құтыру вирусы қоршаған ортада тұрақсз: күн сәулесі мен УК сәулелердің, дезинфекциялық ерітінділердіңәсерінен жылдам жойылады, майеріткіштер мен сілтілі ерітінділерге сезімтал.
Эпидемиологиясы. Құтыру ауруы көне заманнан белгілі, жер бетінде кеңінен тараған зоонозды инфекция. Құтырумен барлық жылықанды жануардлар ауыруы мүмкін.Адамнан адамға жұғу тек бірнеше жағдайда кездескен.
Иммунитеті. Табиғи жүре пайда болған иммунитеті зерттелмеген, себебі ауру өліммен аяқталады.Жасаған жүре пайда болған иммунитет құтырған жануарлар тістеген адамдарға егулер жүргізгеннен кейін қалыптасады.
Алдын алу. Құтыруға қарсы вакцинаны алғаш рет Л.Пастер жасап,енгізді. Фиксацияланған вирус жұқтырылған жануарлар-қояндар, қойлардың миынан алынған, УК немесе шамма сәулелермен инактивацияланған концентрациялы дақылдық антирабиялық вакцинамен егу жүргізіледі:
шартты егу курсы-вакцинаның 2-4 инъекциясы (тістеген жануарға 10 күн бақылау жасай отырып жүргізіледі
шартсыз егу курсы-ережеге сай.
АИТВ
4.АИТВ-нын 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Америка ғалымы Р.Галло мен Франция зерттеушісі Л.Монтанье ашты.
Морфологиясы және дақылдық қасиеттері. АИВ РНК-құрамды вирус, пішіні сфералық. Вирустың жүрекшесі конус тәрізді, р 24, р 25 капсидтік ақуыздардан тұрады, бірнеше катардағы матриксті ақуыздардан р 6, р7 және де ақуызды протеазалардан құралған. Вирустың геномы 3 негізгі құрылымдық гендерден және реттеуші, қызметтік 7 гендерден құралған.
АИВ-ның тіршілік айналымы 4 кезеңнен тұрады.
1.Иесінің жасушасына вирустың адсорбциялануы және эндоцитоз жолымен жасушаға өтуі.
2.Вирустың РНК қабықшаларынан айырылуы, ДНК провирустың түзілуі және иесінің жасуша геномына тіркелінуі-ДНК тіркелінуі немесе интеграциялануы.
3.Вирустық РНК түзілуі,трансляциялануы және де вирустық ақуыздардың түзілуі.
4.Вирус бөлшектерінің жиналуы, жетілуі жән жаңа вириондардың жасушадан бүршіктеніп шығуы.
Вирусты толық репродукциялануы 1-2 тәулікте іске асады, 1 тәулікте 1 млрд-тай жаңа вирустар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |