Аэробиоз - ортада оттегі болғанда байқалатын тіршілік нысаны.
Базидиомицеттер - саңырауқұлақтар класы. Олардың жыныстық споралары (базидиоспоралары) шеті жуандаған базидий деп аталатын жіпшелерде орналасады. Оған: дат, үй, трутовик және басқа да түрмыста түтынуға болмайтын улы саңырауқүлақтар жатады.
Бактериялар- микроорганизмдердің ең бір үлкен тобы. Оларға шар және таяқша тәрізді спора түзбейтін топтар жатады.
Бактериялар капсуласы - кейбір бактериялардьщ бөлетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа да сол сияқты қолайсыз жағдайлардан сақтап түрады.
Бактериялық сүзгілер - сұйықтарды бактериялар мен саңырауқұлақтардан тазартуға арналған майда саңылаулары бар аспап. Ал бұл сүзгілерден вирустар оп-оңай-ақ өтіп кетеді.
Бактеризациялау - кейбір биологиялық және биохимиялық процестердін. тиімділігін арттыру үшін белгілі бір бактерияларды жеке күйінде қолдану.Бұған тұқымға бактерияларды жұқтыру, мал азығын сүрлеуде бактегриялы ашытқыларды қолдану мысал бола алады. Бактериоздар - белгілі бір бактериялардың әсерінен адамдарда, жануарлар және өсімдіктерде пайда болатын аурулар.
Бактериолизис - түрлі бүлдіруші факторлардьщ әсерінен бактериялар клеткаларының еріп кетуі.
Бактериология- микроорганизмдер жөніндегі ғылымның негізгі бір бәлігі, яғни бактериялар туралы ілім.
Бактериофагтар- немесе фагтар деп те атайды. Табиғатта кең тараған, және микроскоптармен көрінбейді, тірі бактерияларды ерітіп, ыдыратып жібереді. Дәл мағынасында фаг-«жалмаушы» деген ұғым береді.
Бактерицидтік - әр түрлі факторлардың (химиялық, физикалық, биологиялық) бактерияларды қыратын қасиеті. Осы факторлардың қасиеттері нашар, яғни бәсеңдеген болса, бактериостатикалық құбылыс деп атайды.
Бацилдар- өз клеткаларында спора түзетін таяқша микробтар. Бактерияларға қарағанда олардың айырмашылығы да осында.
Бентонит -балшық түрі, катионды және басты белоктарды біріктіреді. Лизоцим сорбенті, рибонуклеаза түрінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |