«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет83/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Катаболизм (грекше katabole – сыртқа шығару, ыдырау) – организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау.Жасуша мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылыс. Ондағы ақуыз, май, көмірсу сияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды.Осы процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне жұмсалады.Энергияның көп мөлшерде бөлініп шығуы фосфорлы қосындылардың ыдырауы нәтижесінде туады.
Кефир - сүт қышқылы және спирт ашу процестерінің нәтижесінде сиыр сүтінен жасалатын тағам. Бұнда ашытқы ретінде сүт қышқылы бактериялары мен кефир ашытқылары қолданылады
Клон- бір торшаның немесе бір организмнің жыныссыз көбеюі нәтижесінде пайда болған ұрпақ.Микроорганизмдер генетикасында негізгі өлшем бірлігі ретінде пайданылады. Иммунологияда клон деп антиген әсерінен лимфоциттерден болған торшалар тобын атайды. Вирусологияда клон - бір вирионнан тарайтын бір текті вирустар тобы. Вирустық клонды вируспен зақымданған тауықтың қауызын жармаған балапанының хорионаллантоисты қабығындағы жеке күлдіреуік жаралардан немесе торша себіндісіндегі таңбалардан іріктеу, сондай-ақ вирусты көбейту арқылы алады. Клондау (лаборатория жағдайында торша немесе вирус клондарын жасанды алу) — онкология, генетика, иммунология, вирусология және т. б. салаларда теориялық және іс жүзінде күрделі мәселелерді зерттеу үшін қолданылады.
Клостридиум- бактериялар систематикасындағы жеке туыс. Клеткаларының орта жерінде үршыққа үқсас споралары орналасқан. Анаэробты микроорганизм. Бүлар май қышқылы ашу процесін қоздырады.
Клетчатка - және оны ыдырататын микроорганизмдер. Целлюлозаны қараңыз.
Клетка тургоры - бір қалыпты зат алмасу жағдайында суға толы болғанда клетканың қабырғаларына әсер ететін ішкі кернеу.
Клетка ядросы - міндетті түрде болатын клетканың бір белігі. Бірақ бактерияларда ол жоғары сатыдағы организмдердегідей жекеленбеген, цитоплазма ішінде шашырай орналаскан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет