Архимицеттер - мицелийі жоқ немесе нашар дамыған төменгі сатыдағы микроскоптық саңырауқұлақтардың жеке класы. Олардың көпшілігі өсімдіктер паразиті.
Аскомицеттер - жыныстық споралары арнаулы қалталарда орналасқан жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың жеке калталы класы. Аспергилл - аскомицеттер класына жататын жоғары сатыдағы зең саңырауқұлақтарының жеке туысы. Олардын, споралары конидиялардың ұшында орналасады. Олардың кейбір өкілдері құстар мен кемірушілерде ауру қоздырады.
Ассимиляция- организмдердің қоректік заттарды және ауаны қабылдап сіңіруі.А. организмдегі зат алмасуының негізгі бір қажетті қүрам бөлігі.
Аусыл- мүйізді ірі қара малдарда, шошқа.~арда, ал кейде адамдарда кездесетін сүзгіленуші вирустардың әсерінен болатын жүқпалы ауру. Оның бір қасиеті, басқа ауруларға қарағанда тез тарайды.
Атопия - жоғары сезімталдықпен жүретін, клиникалық симптондары бар ауру түрі.оларға: астма,ринит,идиосинкрази,дерматит жатады. Термин 1920 жылы Кок пен енгізілген.
АТФ (аденозинтрифосфат) – энергетикалық нуклеотид. Бұл - тірі жасушадағы негізгі «энергия заты». ағзалардағы бүкіл процесстерінде, заттектер алмасуында маңызы зор. АТФ 1929 жылы Гарвардской медицина мектебінің ғылымдарының (Карл Ломан мен Йеллапрагада Суббарао зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған. 1941 жылы Фриц Липман АТФ-тың жасушадағы негізгі энергия таратушы ретінде айқындаған.
Ацидофилин - немесе оны ацидофиль сүті деп те атайды. Айран сияқты сүт тағамы. Ол арнаулы ацидофиль бактерияларының кемегімен сүттен даярланады. Бұнда сүт қышқылы жеткілікті дәрежеде’түзіледі және бүл айранды ішкен адамдар мён малдардың ішектерінде ацидофиль бактериялары жақсы бейімделіп тіршілік етеді.
Ашытқылар- бүршіктену арқылы көбейетін, аскомицеттер класына жататын микроскоптық саңырауқұлақтар тұқымдасы. Д. шарап, сыра, спирт, нан дайындауда және мал азығы ретінде кеңінен қолданылады
Ашу- азотсыз органикалық заттардың микроорганизмдер әсерінен анаэробты жағдайда биохимиялық езгеріске ұшырауы. Бұған спирт, сүт қышқылы, ацетонэтил, ацетонбутил, май қышқылы ашу процестері жатады. Сонымен қат.ар ашу арқылы овощтарды, жемістерді және мал азықтарын сақтайды,
Достарыңызбен бөлісу: |