Вируленттілік – микрооргазимнің патогенділік дәрежесін саны.
Вирус- бұл сөздің дәлме.-дәл аудармасы «У». Оны екі мағынада түсінуге де болады. Біріншісі - жалпы барлық жүқпалы ауруларды коздырғыштар. Ал екіншісі - сүзгіленуші вирустар. Сүзгіленуші вирустар бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, адамда жануарларда және есімдіктерде ете ауыр сырқаттарды қоздырғыш, жәй микроскоптармен керінбейтін ете ұсақ организмдер.
Вирусемия – вирустың қанға немесе қан жуйесіне өтуін атаймыз.
Витаминдер - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.Екіге бөлінеді: майда еритіндер және суда еритіндер. Тиамин В1,рибофлавин В2,пантотентті В3, никотин қышқылы В5, пиридоксаль В6, биотин Н,кобамиды В12,хинон К.
Волютин - әр түрлі микроорганизмдер клеткаларында жиі кездесетін белокқа өте ұқсас, қүрамында фосфоры және азоты бар заттар.
Гамма- глобулин – саруыз белогі
Галофильдер- күрамында едәуір мөлшерде түздары бар ортада тіршілік етуге бейімделген және сол жерде кебейе алатын микроорганизмдер. Олар теңіздерде, мұхиттарда және түзды көлдерде тіршілік етеді
Гаптен – сериологиялық реакцияға түсе алатын,антигенді қасиетке ие зат. Гаптен ақуызбен қосылғанда организмде бірден антидене түеді.
Гель-фильтрация – заттарды молекула өлшеміне қарай бөлу
Гемагглютининдар- вирус қабыкшасындағы ақуыздар, антигенді қасиетке ие. Эритроциттерде жабысып тұрып, адсорбциялайды. Көбіне адамдар мен жануарларда болады. Вирустың көзін жоюда қолданылады. Ішек таяқшаларына бұл процес тиімсіз.
Гемолиз- қызыл қан түйіршіктерінің қабықтарыныц бұзылуы. Оның салдарынан гемоглобин сыртқа шығады. Гемолиз екіге бөлінеді: арнайы және арнайы емес. Арнайы емес гемолиз әр түрлі физикалық немесе химиялық факторлардыц әсерінен пайда болады. Арнайы гемолиз комплементтің қатысуымен болатын антиген мен антидене байланысы кезінде пайда болады.
Ген(грек. genos - тұқым, тек) - тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. Генде клетканың құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің гендер жиынтығы оның генотипін құрайды.Ген терминін алғаш рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Иогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке клеткадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Клетканың бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас клеткалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде клетканың барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әр түрлі органимздердегі Геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |