Коли-бактериялар - немесе ішек таякшасы деп те атайды. Бүлар адам мен жануарлардың ішек-қарындарында кен. тараған. Олардын, басым көпшілігі іш сүзегі, паратиф, дизентерия, оба және басқа да ауруларды қоздырғыштар.
Комфостар- өсімдіктердің органикалық қалдықтарына малдардың нәжістерін қосу аркылы даярланған тыңайтқыш. Бұнда микроорганизмдер басты роль атқарады. Компостардың шымтезекті-көдді, көңді-фосфоритті түрлері бар.
Консервілеу - физикалық, химиялық және биологиялық әдістер кемегімен өсімдіктер және жануарлар өнімдерін шіруден, ашудан сақтау. Бүның абиоза, анабиоза, биоза және ценанабиоза деп аталатын төрт түрі бар.
Кох аппараты - неміс оқымыстысы Кохтың ұсынған бу ағынымен заттарды зарарсыздандыруға арналған аспабы. Бұнда бу температурасы 100 градустан аспайды.
Кроссинговер (ағылш. crossіng-over – айқасу) – гомологтық хромосомалардың ұқсас бөліктері арасындағы ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу. Кроссинговер І-ші мейоздың профазасында жүреді және әр түрлі гендердің аллельдерінің жаңа комбинацияларының түзілуіне әкеледі. Мейоз процесінде гомологты хромосомалар әр ядроға ажыраудың алдында бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Осы уақытта екі гомологты хромосомалардың бөліктері үзіліп, олар осы хромосомалардың басқа бөліктерімен айқасып қайта жалғасады. Кроссинговер тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі болып саналады, соның нәтижесінде ұрпақтардың генетик. әр түрлілігі артады. Кроссинговер – популяциядағы комбинативті өзгергіштікті қамтамасыз ететін және табиғи сұрыптауға материал бола алатын маңызды механизм.
Лакобактериялар - сүт қышкылы ашу процесін қоздыратын микроорганизмдер.
Лактобациллин- сүт қышқылы стрептококктар мен болгар таяқшасының көмегімен сүттен жасалатын тағам
Левомицетин– антибиотик,көптеген ауруларда қолданылады. Әсіресе көз ауруында. Бактерия метобализмі кезінде, ингибитор рөлін атқарады.
Лептоспира- спирохета түқымдасындағы микроорганизмдер. Олардың денесі иректелген, шеттері қайрылған, шапшаң қозғалғыш.
Лизосома– жануарлар мен саңырауқұлақ жасушасының органелласы, жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын және гидролиттік ферменттердің қор ретінде жиналатын орны. Оның диам. 0,2 – 0,7 мкм. Лизосома — торшалар органоиды. Олардың құрамына гидролиттік ферменттер тобы - қышқыл фосфатаза, нуклеаза, протеазалар, гликозидазалар т. б. (барлығы 20-дан астам) кіреді. Лизосома торшаның өзінің (аутолиз) және оның ішіне кірген заттардың ыдырауына қатынасады. Лизосома құрамына кіретін ферменттер торша және белоктарының жетілуіне (процессинг) қатынасады.
Локус(лат. Locus - орны, бағыты) - хромосомда, плазмидада немесе клетканың басқа генетикалық құрылымында геннің орналасқан жері; кейде терминді ген" деген ұғымда қолданады. Локус - хромосомадағы белгілі бір геннің орны. «локус» термині «сайт» синонимі ретінде қолданылады яғни мутация орналасқан жер немесе картада шағылыскан топ орны
Достарыңызбен бөлісу: |