«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет112/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

КЧ.І.19: 11) edil aqyn binip=Еділ [тайпасының] ағын (ақ атын) мініп. С.Е.Малов 
«igl» (97.28) деп транскрипциялап, мағынасын таба алмаған. Г.Клосон «idil» деп оқып, 
оны атқа қойылған атау деп түсініп, «edil» сөзін сол қалпымен қалдырып, сұрау белгісін 
қойған. Əрине, Г.Клосон өзіне-өзі сенбеген. 
«Еділ тайпасының ақ атын мініп», − деп түсінген дұрыс. Өйтсе көк түркі заманында 
Еділ атты тайпа болғанына көзіміз жетеді. Бұл Еділ (Атилла) патшаның есімімен де 
байланысты болуы мүмкін.
КЧ.ІІ.23: 12) «Tus bolajyn» − көмек болу, қoрған болу. С.Е.Малов бұл сөзді оқымай 
тастап кеткен. Г.Клосон «tus» деп оқып, «Мен армияға пайда келтірейін деп» (199.29) 
аударған. Жалпы түсінігі дұрыс болмағанымен, сөздің дəл мағынасын таба алмаған. 
«tusu» − көмек МК.ІІІ.224), «tusu kelir» − көмекке келу (Tis.236
2
). «tusu qyl» − көмек 
қылу (MK.III.224).
13) «Jalaηuš» – жалаңаш. С.Е.Малов «jalyηuš» деп оқып, аудармай тастап кеткен 
(97.23). Г.Клосон «jalηuš» деп транскрипциялап, «жалғыз» деп аударған (199.29). 
«jalηuš» – жалаңаш, (МК.ІІІ.384); jalηuz – жалғыз (QBK.202
11
). Uig.III.46
17
; Rach.II.3
134

ДТС.229–230.
КЧ.ІІ.24: 14) «Er čor»=Ер чор (кісі есімі) С.Е.Малов «.....чур» (98.28), Г.Клосон «еl 
čor» (199.22–23). Түпнұсқада 
дегеннің таңбасының екі мүйізін Э.Трыярский 
жақсы көре алмағандықтан деп белгілеп «еl čor» деп оқыған. Бұл, əрине, үлкен қате. 
Байырғы түркілер el/il-ел атын тым киелі, қасиетті деп əспеттеп, тек қана ел басының 
лауазымына, шеніне қосып атайтын болған. Оның өзінде қағанатты қайтадан қалпына 
келтіріп, елін құрып, төрін орнатқан көсемдерінің атақ, шеніне қосып атаған. Олар: Ел-
етміш Бұмын қаған, Ел-теріс Құтлұғ қаған, Ел-етміш Білге Турайын қағандар. Басқа 
қағандарға “el” атағы берілмеген. 
КЧ.ІІ.25: 15) «Artyγ jylqyγ igit[t]i» – артық жылқысын игі етті. Күүлі-Чор іспетті 
ұлы адамдар, қағандар дүниеден қайтқанда мал-мүлкін халыққа таратып беретін 
болған. Бұндай салтты түркілер “игі ету”, “халыққа аруақ игілік жасады” немесе 
“аруақтың игілігі халыққа тиді” деп түсінген. Түркілер Аруақтың тірілерді желеп-
жебеуі, аруағымен қорғаудың алғашқы жолы осылай басталады, – деп түсінген. 
КЧ.ІІІ.27: 16) «Bentir begim» – Бентір бегім. Бұл Күүлі-Чордың бегімі (əйелі) 
болуы мүмкін. С.Е.Малов «bentez ben» деп оқып, не екенін түсінбей тастап кеткен 
(97.28–29). Г.Клосон «bentіz ben» деп оқып, «мен Бентір» деп аударған. Ары қарай 
Күүлі-чор ұстынының «бітігін мен Бінтір жаздым», – деп аударған. Г.Клосон 
осылайша, түпнұсқаның да, мəтіннің де қисынын түсіне алмаған.
«Күүлі-Чор» ескерткішінің томға енгізілген мəтіні Қ.Сартқожаұлының «Орхон 
мұралары» кітабы (Астана, 2003) бойынша берілді.
Қ.Сартқожаұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет