462
463
9) Asaγyr čoluγan= асар жинаушылар, асарлап аң аулау, аңға шыққанда қауымдасып
аң үркіту мағынасында. С.Е.Малов «ačyr čoluγan»
деп транскрипциялап, «...со
своим
доблестным семейством» (97.27, 28) деп аударған. Г.Клосон «Saγyr čoluγan» деп оқып,
адамның есімі деп түсінген (199.21, 23).
čoluγan=čoγlan=шоғырлау, топтау, жинау. (МК.ІІ.245; МК. – Ташкент
аудармасы
МК.ІІІ.216–2; ар. 149–1). Čuγlan-шоғырлану, топтану, жиналу (моңғолша). Қазіргі қазақ
тілінде «šolu» – шолып жинау, топтау деген мағына береді.
«Asaγyr» (көне тұлға). «γ»-ның соңындағы «y» (ы) дыбысы алдыңғы «а» дыбысына
бейімделіп, ХІ ғасырдың басында төменгі екі мағына берген. Онда:
1.asar − тамақ, тамақ жеу (МК.ІІІ.253–19; 261–11; IV.42; Usp3
13
; QBN.215
11
).
2.ašyγ − пайда (MK.IV.40; I.64–5)
Қазіргі қазақ тілінде «Асар (asar)» − «тамақ», «тамақ жеу» деген орта ғасырлық (ХІ
ғ. бойындағы) мағынасын сақтаған. Онымен қатар «бірігіп пайда жасау», қауым дасып
еңбек етіп басқаға пайдасын тигізу деген ұғымды білдіреді. Асар ерте орта ғасырдан бері
жалғасып, қазақ халқының ұлттық дəстүріне айналған салт.
Қауымдасып аң аулауға (Асарға) шыққан кезде аң үркітушілерді қарсыласына қарсы
аттандырып шабуыл жасау ежелгі дəуірден бері Еуразия көшпелілеріне тəн құбылыс.
Хунну Модун-шаньюй қауымдасып аңға шыққанда (асарлатып) сарбаздарын əкесі
Тумынға қарсы аттандырып өлтірген (22.І.47). Қазақ жерінде
қауымдасып аң аулауға
шыққанда Жошы ханды өлтіреді. Бұл сөйлемде (КЧ.І.5.)
асар жасап, қауымдасып аң
үркітуге шыққан топ Күүлі-Чорға қарсы шабуыл жасаған. Күүлі-Чор қорғанып үлгеріп,
шабуылға шыққан топты талқандап, адамдарын, əулетін жаулап, олжалаған.
КЧ.І.9: 10) «Ab ablasar» − абаққа аңды қамап аулау;
Ab − абақ (аңды қуып тығатын, арнайы жасалған, түбі тұйық ор) (МК.І.81; І.63; І.311,
425). Мұндай «аб» орын Қазақстанның Үстіртінде бүгінгі күнге дейін сақталып келген.
Ab-lan − аулау (МК.І.298).
Достарыңызбен бөлісу: