464
465
ғасырдың аяғында – ІХ ғасырдың бас кездерінде жазылған. Оның негізгі мəні түс көру
жəне оны жору. Басқа ескерткіштерден өзгешелігі – ол қағаз бетіне жазылғандығы.
Көлемі 13,6х8 см, 101 беттен тұрады. Мəтіндегі оқиғалар қысқа жəне жеңіл тілмен
түсінікті жазылған.
Ырқ бітіг /тəкпірнама/ манихейлік Ісіг Санғун жəне Ите Чуқ атты екі шəкіртке
арналып жазылған. Ескерткіштің ең соңғы жолдарында оның кімге арналып, қашан
жазылғандығы сөз болады: «Енді сүйікті ұлдарым біліп қойыңдар! Бұл Ырқ бітіг
/тəкпірнама/ игілікті. Ол барыс жыл екінші айдың он бесі күні
Тайғунда тұратын
тəуекелдігі Буруа-Куры шəкірттері Ісіг Санғун жəне Ита Чук үшін жаздым».
Ескерткіште түркі халықтарының тарихы, өмірі, күн көру т.б.
жөнінде көп
мағлұматтар берілген.
Бітігті алғаш рет В.Томсен – ағылшын, С.Е.Малов – орыс жəне одан кейін
Х.Н.Орхун түркі тілдеріне аударып жариялады. Бұл жəдігермен И.В.Стеблева да
шұғылданып, бірнеше мақала жариялады.
Томда Ғ.Айдаровтың «Орхон ескерткіштерінің тексі» кітабында (1990)
жарияланған мəтін еш өзгеріссіз беріліп отыр.
С.Қорабай
Достарыңызбен бөлісу: