470
471
мəтіні 2 жол
болып төменнен жоғарыға қарай, ал бұған
қарама-қарсы қапталында
екі кішігірім сызықты жарты ай мен көсеу секілді таңба қашалған. 1916 жылы
А.В.Адриановтың ұйымдастыруымен Минусинск музейіне əкелінген. 1888 жылы
И.Р.Аспелин тапқан. 1906 жылы Гране зерттеген.
Н.Базылхан
УЮК-ТУРАН БҰҒЫТАСЫ
Шамамен VIII–IX ғасырларда тұрғызылған. «Уюк-Аржан ескерткіші» деп
аталатын бұғытас қазіргі Туран қаласы маңынан табылған.
Аржандағы кіші қорғанның құрамдас бөлігі болып табылатын бұғытас қызғылтым
сұр құмдақ майда тастан жасалған. Екі қапталында киік, бұғы, доңыз бейнелері жəне
таңба-белгілер оймыштап бейнеленген тастың қарама-қарсы екі бетінде үш-үштен
барлығы 6 жол мəтін қашалған. Жарты айшық пен ашамай таңбалар қосылып «бақан»
секілді таңба құраған, олар екінші қапталдың төменгі тұсында қашалған.
Бұл бұғытас 1943 жылы Данзынұлының ұйымдастыруымен
Қызылдағы Тува
музейіне əкелінген. Қазір сонда сақтаулы. Алғаш 1887 жылы Фунтиков тапқан.
Н.Базылхан
БАРЫҚ-I (Е-5) БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–IX ғасырларда орнатылған. «Барық ескерткіштері», «Барық бірінші
ескерткіштері» деп аталатын бітіктас. Барық өзенінің
шығыс жағалауында Ийи-тал
ауылынан оңтүстікке қарай 11 шақырым қашықтықтағы төбешіктер айналасындағы
6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі болып табылады.
Қызыл қоңыр құмдақ тастан
жасалынған. Бітіктастың бетінде не бары 3 жол мəтін жəне төменгі тұсында «бақан»
секілді таңба қашалған.
1943 жылы Данзынұлы Қызылдағы Тува музейіне əкелген. Қазір сонда сақтаулы.
1891 жылы Д.А. Клеменц алғаш тапқан. 1961 жылы И.А.
Батманов қайтадан
тексеріп, Тува музейіне əкелген.
Н.Базылхан
Достарыңызбен бөлісу: