«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет116/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

«ЧОЙР» БƏДІЗ БІТІГІ
Ескерткіш 732 жылы қойылған.
Орхон бойындағы бітіктас ескерткіштеріне қарағанда ең оңтүстіктегі ескерткіш. 
«Чойр ескерткіші» деп аталады.
Қазiргi Моңғолияның Дорноговь аймағында Чойр темір жол бекетінен 15 км 
қашықтықтағы Сансар тауындағы қорғаннан табылған. 
Адамның басы бейнеленген бəдіз тас алғаш үлкен қорғаннан табылған екен. Ол 
қорған жайлы мəлімет əзірше жоқ. Бəдіз қоңыр гранит тастан жасалынған. Бəдіздің 
бас тұсы анық сақталынған, одан төменгі кеуде тұсында 6 жол мəтін қашалған. 
Бəдіздің оң жақ қапталында екі таңба салынған. Қазір ескерткіш Моңғолия Ұлттық 
тарих музейінің экспозициясында сақтаулы. 
1929 жылы Ж. Цэвээн Ұланбатыр қаласына музейге əкелген. Ол мəтіннің 
фотосуреттері мен қол көшірмесі бойынша С.Е. Малов 1936 жылы алғашқы аударма-
сын жариялады. Осы бойынша 1939 жылы Х.Н. Орхун аудармасын ұсынды. 1962 
жылы Э.Трыярский, 1968 жылы Б. Ринчен ескерткіштің фотосуреттерін жариялап, 
оның сақталуы жайлы мəселе көтерді. 1971 жылы С.Г. Кляшторный, 1998 жылы 
О.Ф.Серткая мəтіндік зерттеулер жүргізді. 2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық 
экспедициялар зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан
КҮЛТАРХАН БІТІГІ
Шамамен 732 жылы тұрғызылған. «Арханан ескерткіші» деп аталатын Күлтархан 
бітігі Моңғолияның Бұлғын аймағы, Хишиг-өндөр сұмынынан 40 км жердегi Арханан 
деген төбешiгiнiң (қазір малшының қыстауы орналасқан) солтүстік-батысында 
орналасқан.
Мəтін ұзын гранит жартасқа үшкір затпен қашалған. Онда түрiк бiтiк мəтін 140 
таңба-əрiптi 3 жол бəдiзделген /2,6 х 0,85 м /, төменгі тұстарында 10 таңба қашалған.
Бітіктің архитектуралық өлшемі: бірінші жол 107 см, екінші жол 45 см, үшінші 
жол 35 см ұзын. Таңба-əріптің биіктігі 1,5–1,8 см, қашау тереңдігі 0,1–0,2 см. Сол 
табылған орнында сақталған.. 
1966 жылы О. Намнандорж фотосуретi мен қолсызба көшiрмесiн əзірлесе,
Моңғолия ҰҒА Тiл жəне əдебиет институтының ғалымы Х. Лувсанбалдан қағаз 
эстампажын алған. Бұдан кейінгі зерттеуді Е.Трыярский, С.Г. Кляшторный, 
С.Қаржаубай жүргізген. 2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық экспедициялар
зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет