«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет123/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

УЙБАТ-I (Е-30) БҰҒЫТАСЫ 
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Уйбат 
ескерткіші», «Уйбат бірінші ескерткіші» деп аталады. Осы өзеннің оң жағалауы – 
Чарков ауылы маңындағы қорғанда орнатылған.
Осы өзен маңынан табылған бес ескерткіштің бірі. Сұр құмдақтастан жасалынған. 
Бұғы тастың төменгі тұсында ежелгі антропоморфты бейнелі тастың екі қапталы мен 
бір қырында – барлығы 5 жол мəтін қашалған. 
1721–1722 жылдары Т. Страленберг, Мессершмидт тапқан. Мəтіндік зерттеулерін 
В.В. Радлов, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, И.В. Кормушин жасады. 1886 жылы Минусинск 
музейіне əкелінген.
Н.Базылхан
УЙБАТ-II (Е-32) БҰҒЫТАСЫ 
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Уйбат 
ескерткіші», «Уйбат екінші ескерткіші» деп аталады. Уйбат өзенінің оң жағалауы – 
Чарков ауылы маңындағы қорғанда орнатылған.
Уйбат өзені маңынан табылған бес ескерткіштің бірі. Сұр құм дақтастан 
жасалынған. Бұғы тастың төменгі тұсында ежелгі антро поморфты бейнелі тастың екі 
қапталы мен бір қырында барлығы 5 жол мəтін қашалған. 
1721–1722 жылдары Т. Страленберг, Мессершмидт тапқан. Мəтіндік зерттеулерін 
В.В. Радлов, С.Е. Малов, Х.Н. Орхун, И.В. Кормушин жасады. 1886 жылы Минусинск 
музейіне əкелінген
Н.Базылхан
УЙБАТ-VI (Е-98) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық тұрғыда VIII–IX ғасырларда тұрғызылған. «Уйбат ескерт-
кіші» деп аталады.
Бітіктастың табылған жері – Уйбат өзенінің бойында. Бітіктас ақсұр құмдақ тастан 
жасалынған. Екі қапталында үш-үштен 6 жол мəтін қашалған. Таңба қашалмаған. 
Ескерткіш Абақан қаласындағы Хақасия музейінде сақтаулы. 
1964 жылы А.Н. Липский тапқан. Мəтіндік зерттеулерді В.Я. Бутанаев, 
А.С.Аманжолов, Д.Д. Васильев жасаған.
Н. Базылхан
КЕМЧІК-ЧЫРҒАҚ (Е-41) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. 
«Хемчик-Чыргакы ескерткіші», «Кемчик-Джиргак ескерт кіші» деп аталады.
Бітіктас Кемчік өзені Чырғақ саласының қорғанында орнатылған.
Көкшіл сұр сланецтен жасалынған. Екі қапталында барлығы 11 жол мəтін жəне 
таңба қашалған.
1889 жылы А.О.Гейкель тапқан. 1901 жылы А.В. Адрианов зерттеп, Минусинск 
музейіне əкелген. Сонда сақтаулы.
Н.Базылхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет