472
473
ОЗНАЧЕННОЕ (Е-25) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда орнатылған бітіктас.
«Означенное ескерткіші» деп аталады.
Бітіктас Енисей өзенінің сол жағалауындағы Саянгорск қаласының «Означенное»
селосында Қойбалық деген жерде орнатылған. Күлгін сұр құмдақтастан жасалынған.
Екі қапталы жəне бір қырында барлығы 7 жол мəтін қашалған.
1847 жылы Кастрен тапқан. 1880 жылы Мартьянов Минусинск музейіне əкелген.
Н.Базылхан
АЛТЫН КӨЛ (Е-28) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған. «Алтын көл
ескерткіші» деп аталатын бітіктас Абақан өзенінің оң жағалауы – Алтын көл деген
жерде орнатылған.
Алтын көлдегі қорғандардың ішінде бір-біріне ұқсас орнатылған екі бітіктастың
бірі. Қызыл құмдақтастан төбе тұсы доғалдау етіп жасалынған. Бір қапталы жəне екі
қырында барлығы 8 жол мəтін қашалған. Таңба қашалмаған.
1878 жылы табылған. 1881 жылы Мартьянов Минусинск музейіне əкелген.
Н.Базылхан
Достарыңызбен бөлісу: