«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА-І (Е-43) БІТІКТАСЫ



Pdf көрінісі
бет124/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА-І (Е-43) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық жағынан VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас.
«Кызыл Чыраа бірінші ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының 
Қызыл Чыра деген жерінде, қазіргі Қызыл қаласынан 50 шақырым батыста орна-
тылған.
Бір-біріне жақын екі бітіктас (Е-43, Е-44). Сұр құмдақтастан төбе тұсы доғалдау 
етіліп жасалынған. Бір қапталы жəне екі қырына барлығы 8 жол мəтін жəне таңба 
қашалған.
1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува 
музейіне əкелген. 
 Н.Базылхан
ҚЫЗЫЛ-ЧЫРА-ІІ (Е-44) БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–IX ғасырларда тұрғызылған. «Кызыл Чыраа екінші ескерткіші» 
деп аталады. Ұлық Кем өзені Баян-қол саласының Қызыл Чыра деген жерінде, қазіргі 
Қызыл қаласынан 50 шақырым батыста Е-43 бітіктасынан 350 м жерде орнатылған.
Қызыл Чыра деген жерде бір-біріне жақын екі бітіктас (Е-43, Е-44). Қызыл күрең 
түсті құмдақтастан төбе тұсы доғалдау етіліп жасалынған. Бір қапталы жəне екі 
қырында барлығы 8 жол мəтін жəне таңба қашалған.
1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува
музейіне əкелген.
 Н.Базылхан


 474
475
КӨЖЕЛІК-ҚОБЫ (Е-45) БІТІКТАСЫ
Шамамен VIII–IX ғасырларда тұрғызылған. Бітіктас «Кежилиг-Хобу ескерткіші»,
«Кежээлиг-Хову ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Эжим саласының оң 
жағалауындағы Көжелік қобы деген жерде орнатылған. Жасыл сұр сланец тастан 
жасалынған. Онда бет қапталында 1–8 жол, қырында 3 жол – барлығы 11 жол мəтін 
жəне таңба қашалған.
1916 жылы А.В. Адрианов тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува
музейіне əкелген. 
Н.Базылхан
ТЕЛЕ (Е-46) БІТІКТАСЫ
Тарихи-хронологиялық тұрғыда VIII–IX ғасырларда тұрғызылған бітіктас. «Телээ 
ескерткіші» деп аталады. Ұлық Кем өзені Телээ мен Эжим саласының аралығында 
Е-45 бітіктасынан 3 шақырымда орнатылған. Жасыл сұр сланец тастан жасалынған. 
4 жол мəтін жəне таңба қашалған.
1907 жылы Гране тапқан. 1961 жылы И.А. Батманов зерттеп, Тува музейіне 
əкелген. 
Н.Базылхан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет