86
87
ардақталды, оның лебізін Гаузу əрқашан ескерусіз тастамайтын.
Өзіне ерген жорықшылардың қай-қайсысы болымсыз
ерлік жасаса,
соны естелікке алдырып отыратын. Ал басқа сеңүндерге ілескендер
үлкен еңбек сіңірсе де, екінің бірінде қаламгер ұлықтар тарапынан
ығыстырылып, бір жақта қалатын.
Сондықтан Яң Су қанша қатал
болса да, əскерлер оған ілесуді қалайтын.
Кəйхуаңның 20 жылы (600) Жин ханы Яң Гуаң Линшо бағытының
жорық бас сардары, Яң Су зұрған болып тағайындалды. Жин ханы
өз салауытын төмендетіп Яң Сумен сыбайлас болды да, кейін оның
ақылымен мұрагер патшазадаға таңдалды.
Рыншоудың алғашқы жылында (601) Яң Су Гау Жюңның орнына
санаттың сол қол атарманы болып міндет атқарды. Гаузу оған 100
сəйгүлік, 200 бие, 100 құл мен күң сыйлады. Сол жылы Гаузу Яң Суды
тағы да жорық бас сардары етіп тағайындалды. Ол Юнжоудан аттанып
түріктерге шабуылдады да, жеңістен жеңіске жетті. Түріктер шегінді,
Яң Су
оларды ізімен қуып, түн қатып қуып жетті. Қарақшылардың
қараңғыда қашып құтылып кету мүмкіндігін ескеріп, оларға бірден
шабуыл жасамай, атты əскеріне білдіртпей ілесуге бұйрық берді.
Сонан өзі екі атты əскерді жəне бағынған екі Түрікті бастап лулардың
қатарына кіріп алды. Мұны олар байқамады. Сонан олар еру болатын
жеріне келіп тоқтағанда жиналуға келтірмей, артта келе жатқан атты
əскерлерге тұтқиыл
шабуылдауға бұйрық беріп, жауды тас-талқан
етті. Осыдан кейін түріктер үркіп бір қиянға кетті де, Құмды шөлдің
оңтүстігіне қайталай аяқ баспады. Сол ерлігі үшін Гаузу оның баласы
Шюангəнды баған, Шюансұңды Хуайнəнға арда сұлтан етіп көтерді.
Оның өзін 20 мың топ кездемемен сыйлады.
Достарыңызбен бөлісу: