«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


VI. ҚАҢЛЫ ОҒЫЗ БАЛАСЫ ҚАН-ТӨРƏЛІ



Pdf көрінісі
бет62/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

VI. ҚАҢЛЫ ОҒЫЗ БАЛАСЫ ҚАН-ТӨРƏЛІ 
ЖАЙЫНДАҒЫ ЖЫР
Оғыздар заманында Қаңлы деген бір ақылды адам болыпты. Оның 
Қан-Төрəлі дейтін баласы бар еді. Қаңлы оғыз бір күні: «О, достарым, 
менің əкем көз жұмып, ол дүниеге кеткен соң, орнын мен бастым. Бір 
күні мен де өлемін. Көзімнің тірісінде, балам, сені үйлендірсем деген 
ойым бар», – депті. Сонда Қан-Төрəлі тұрып: «Əке, үйлендірер болсаң, 
маған қандай əйелдің сай келетінін біліп ал. Алған əйелім өзімнен 
бұрын тұратын болсын. Атқа менен бұрын мінетін болсын. Мен гəуірлер 
еліне аттанар болсам, оған əйелім менен бұрын жететін болсын жəне 
жаудың басын алып, алдыма тартатын болсын», – депті. Сонда Қаңлы 
оғыз: «Е, ұлым, саған сұлу əйел керек емес, өзіңе серік болатын батыр 
əйел керек болды ғой. Соның арқасында ішіп-жеп, қызық көрсем дейді 
екенсің ғой», – депті. Баласы оған: «Иə, əке, менің қалайтыным сондай 
əйел. Əйтпесе бармақтай түркімен қызы маған сай келмейді. Ол жар 
төсегін көтере алмай, құрсағы жазым болады», – депті. Ендеше елден 


 372
373
іздеп қыз табу сенен болсын, қалың малына ақша табу, оны бағып-қағу 
менен болсын», – депті əкесі.
Бұл сөзді естіген соң, Қан-Төрəлі қасына қырық жігітін ертіп алып, 
бүкіл ішкі оғыздардың жерін аралап, одан өзіне сай келетін қалыңдық 
таба алмайды. Қайтып үйіне келсе, əкесі: «Ұлым, елден іздеп өзіңе 
лайық қалыңдық таптың ба?» – деп сұрады. «Оғыз елінің тұқымы құры-
сын, əке, ол елден өзіме лайық қалыңдық таппадым», – деді баласы. 
Əкесі оған: «Қалыңдық іздеудің жолы олай емес қой», – депті. «Енді 
қалай іздейді?» – депті баласы. Əкесі: «Сен ертеңгісін шықсаң, түсте 
қайтасың, түсте шықсаң, кешке ораласың. Ұлым, сен мал-жанға ие 
болып, соны бағып-қақ, қор жина, саған қалыңдықты мен іздейтін 
болайын», – депті. Баласы бұған көнді. Қаңлы оғыз бұған көңілденіп 
орнынан тұрды да, елдегі қарт-қарияны қасына алып, ішкі оғыз елін 
аралап, баласы қалайтындай қалыңдықты көре алмады. Енді ол елдің 
екінші қанатына шығып, сыртқы оғыздарды аралап, одан да лайықты 
қыз таба алмады. Ақырында Трапезунт еліне тартты. Трапезунт патшасы 
Тагавордың атақты бір сұлу қызы бар екен, садағына екі оқ байлап, 
бірін оңға, бірін солға атады екен. Ол оқтары жерге қайтып түспейді 
екен. Оның қалың малының құны үш түрлі аңды жеңуге байланысты 
екен. Əкесі жұртқа: «Сол үш түрлі тажалды кімде-кім жеңіп өлтірсе, 
қызымды соған беремін, жеңе алмаған жігіттің басын аламын», – депті. 
Қызды аламын деп гəуір елінен 32 бектің баласы келіп, сол шартты 
орындай алмай, мерт болыпты. Бастары дар шəңгегінде ілулі тұр екен. 
Ол үш аңы: арыстан, сүзеген қара өгіз, адам жейтін қара үлек екен. 
Əрбіреуі айдаһар жалмауызы сияқты еді. Қызды аламын деп келіп, 
дарға асылған 32 жігіт арыстан мен қара үлекті көрмепті. Оларды 
сүзеген қара өгіз жарып өлтіріпті. Қаңлы бұл аңдардың басын, өздерін 
көреді. Құжынап тұрған биттері басына симай өрмелеп сирағына түседі 
екен. Қаңлы оғыз тұрып: «Мен бұл жайды балама барып айтайын, сол 
үш тажалды жеңсе, осы қызды алсын, жеңе алмаса, ауыл қыздарының 
бірін алар», – депті.
Ат аяғы ақсайды, ұзанның тілі ұзын. Қаңлы оғыз еліне келеді. 
Оның келгенін баласы Қан-Төрəлі естіп: «Əкем келіпті», – деп, қасына 
қырық жігіт ертіп, əкесінің алдынан шықты, қолдарын сүйіп тұрып: 
«Жан əкем, ел асып қайттың. Маған лайық қалыңдық таптың ба? – деп 
сұрапты. Əкесі: «Таптым, балам, күшің жетсе, – соны аларсың», – дейді. 
«Не сұрайды екен қалың малына? Қанша алтын күміс, қанша жылқы, 
түйе сұрайды екен?» – деді баласы. Əкесі оған: «Тапқан қызымды алу 
үшін ештеңенің де керегі жоқ, оған асқан ерлік керек», – депті. Сонда 
Қан-Төрəлі тұрып: «Əке, менің ерлігіме сене бер. Қара жал Кавказ 
атына мінермін, қанқұмар гəуір еліне барармын, қанын судай төгермін, 
бастарын кесіп алармын. Аузынан қан құсқызып, өздерін құл, қыздарын 
күң етіп айдап келермін, бұл ерлік болмай ма саған?» – депті. Қаңлы 
оғыз айтты: «Жоқ ұлым, менің айтып отырғаным мұндай ерлік емес. 
Бұл қызды алу үшін үш түрлі аңды жеңу керек. Кім жеңсе, қыз соныкі, 
жеңе алмаса, жігіттің басын кесіп, дарға іліп қояды», – депті. Сонда 
Қан-Төрəлі: «Əке, мұндай сөзді маған айтып, несіне əуре боласың? 
Қойған шартың сол болса, мен оған қалай болғанда да барамын. 
Ерлігімді көрсетіп, ар-намысымды сақтармын. Артымда қалған ханым 
анам, бек əкем аман болсын», – деп жолға шықпақ болады. Қаңлы ойға 
қалады: «Басыма бəле болып жүрмесе игі еді бұл сөз. Мен ол сөзді 
балам сескеніп, бармас деп айтып едім», – дейді ішінен. Соны ойлап, 
ол сөйлей бастады. Тыңдап көрелік, хан ием, ол не деген екен: «Ұлым, 
барар болсаң ол жердің суы тулап ағып, адамға өткел бермейді, жері 
ұйық болады, ат аяғын басып жүре алмайды. Ормандары толған ала 
шұбар жылан болады. Олар адамды жүргізбейді. Қамалдарының биік 
мұнарасы көкке жетеді. Сол қамалдарда адам жүрегін ұрлап, сиқыр-
лайтын сұлулар да, бас алатын жендеттер де көп. Олар күліп тұрып 
адамның басын алады. Қыз əкесінің иығында қалқаны ойнап тұрады 
екен. Тілсіз жаудың ортасына бармақсың, балам. Барса келмеске 
ба рып, сақалы қураған əкеңді, шашы ағарған анаңды дертке салып 
жүрме», – деді əкесі. Бұған Қан-Төрəлі намыс көрсетіп: «Не айтып 
тұрсың өзің, жан əкем? Қорқақ адам батыр бола ма? Батыр адамға 
қауіп-қатер түк емес, қорқақтық – ұят. Барар жолымда тулап аққан өзен 
көп болса, одан қараңғы түнде өтермін, батпағына ат батып кететін 
болса, тұяғына киіз салып өтермін. Тоғайында жыланы көп болса, 
шақпағымды тұтатып, орманын өртермін. Қамалдардың басы көкке 
жететін биік болса, тəңірі жарылқаса, оны да алып, бұзармын, жігіттің 
көзін қызықтырып, жүрегін ұрлайтын сұлулары көп болса, олардың 
желкесінен тістеп сүйермін. Қыз əкесінің арқасында қалқаны ойнап 
тұратын болса, оның басын алармын. Барамын ба, жоқ па, барсам 
қайтамын ба, жоқ па, əлде адам жейтін қара үлектің астында қаламын 
ба, əлде етімді арыстан жыртып жей ме, əлде қара өгіздің мүйізінде 
кетемін бе, өлемін бе, өлмеймін бе, аман боламын ба, жаман боламын 
ба – оған тəуекел. Əзірге бек əкем, ханым анам, көріскенше аман 
болыңдар», – деді. Баласының ерлік сапарынан қайтпайтынын білген 
соң, бұлар оған: «Жұлдызың биік болсын, аман барып, есен қайт»,– 
деп батасын берді.
Қан-Төрəлі əкесі мен анасының қолдарынан сүйіп қасына қырық 
жігітін алып, жеті күн, жеті түн жол шекті. Гəуірлер елінің шегіне 
келіп, шатырын тікті. Қан-Төрəлі атын жүгіртіп, сайыс ойынын көр-
сетті. Өзінің ауыр шоқпарын аспанға лақтырып жіберіп, атымен 
шауып барып, жерге түсірмей қағып алушы еді. «О, қырық жігітім, 
қырық серігім, сөзімді тыңдаңдар, мен жүйрікпен жарысып, күштімен 
алыса аламын. Тəңірі жарылқасын, патшаның үш аңын өлтіріп, сары 
камзол киген сұлулардың сұлуы – Сейілжан ханымды алайын, сөйтіп 
оны əке-шешеме алып барсам деймін. Маған не ақыл бересіңдер, 
қырық серігім? Сендерден жасырар сырым, аянар жаным жоқ»,– деді 
Қан-Төрəлі. Хан ием, бұлар осылай əңгіме-дүкен құрып жатқанда, 
Тагаворға мынадай хабар жетті: «Оғыз елінен бір жігіт келіпті. 


 374
375
Тагавордың қызына құда түспекші екен», – делініпті онда. Гəуірлер 
жеті ағаш жерге келіп: «Жігіт мұнда неге келген екен, соны білгіміз 
келеді», – депті. Келген елшілерге бұлар: «Сыйлық алысуға келдік»,– 
деп жауап қайтарады. Келген адамдар Қан-Төрəліні қырық жігітімен 
бірге шатырларына шақырып алып, астарына кілем төсеп, қой сойып 
сыйлады, жеті жылдық шарапқа тойғызып, Тагаворға алып келеді. 
Тагавор тағында отыр еді. Тағының айналасында гəуірлер сауыт киіп, 
жеті қатар болып тұр екен. Сол кезде оның алдына Қан-Төрəлі кіріп 
келді. Ол келгенше қыз тақ сыртынан биік əйнекті мұнара жасатып, 
қасындағы қырық қызға қызыл киім, өзі сары киім киіп тұр екен. Сол 
биіктен ол хан алдындағы кездесуге қарап тұрды. Қан-Төрəлі кіріп, 
Тагаворға сəлем берді де, төселген кілемдер үстіне барып отырды. 
Тагавор оған: «О, батыр жігіт, қайдан келген адамсың?» – деп сұрады. 
Қан-Төрəлі орнынан тұрып талдай иіліп, басындағы бөркін алды да, 
қолдарын жалаңаштап: «Мен сенің қарсы бетіңде тұрған Қаратаудың 
басына шықсам деп келдім. Ағысы қатты өзендеріңнен жүзіп өтсем 
деп келдім. Мен сенің кең етегіңе кіріп, тар қолтығыңа сыйсам деп 
келдім», – деді. Қан-Төрəліні жалаңаштап, хан алдына əкелді. Тұла 
бойы алтын тарамысқа толған екен. Одан соң алаңға алып жүрді. Қан-
Төрəлінің денесі сұлу, керіскедей жігіт еді. Оғыздар елінде төрт жігіттің 
денесін ешкім көрген емес. Олар Қан-Төрəлі, бірі – Қара Шүкір, оның 
баласы – Қырық Қонақ, Шұбар аттың егесі – Байрақ. Қан-Төрəлі өзінің 
жұқа жамылғышын ашып жібергенде, мұнара үстінде тұрған қыз оның 
алып дене мүшелерін көріп қалып, тал бойына от жүгіргендей болды, 
қадала қарап, жаны мысық болып мияулады. Сүт іздеген бұзаудай, 
аузынан сілекейі ақты. Ол қасындағы қыздарға қарап: «Құдай əкемнің 
жүрегіне мейірбандылық салып, қалың малын алып, мені осы жігітке 
берсе, жақсы болар еді. Мұндай алып жігіттің аң тырнағына түсіп, мерт 
болуы өкінішті болар еді», – деді.
Сол кезде жұрт шынжырға байлап, өгізді алып келді. Өгіз тізесін бүгіп 
қалып, жерде жатқан бір құшақ мəрмəр тасты сүзіп, оны жаңа піскен 
ірімшіктей мыж-мыж қылды. Сонда гəуірлер тұрып: «Бұл өгіз енді анау 
тұрған жігітті де мүйізіне іліп алып, күл-талқан етеді, етін паршалап 
жарып өлтіреді. Оғыздардың тұқымы құри берсін. Əйтпесе қырық 
жігітімен келген бұл батырдың қызда несі бар?» – десті. Мұны естіген 
қырық жігіт жылай бастады. Қан-Төрəлі оң жағына қараса, қырық жігіті 
жылап тұр екен. Сол жағына қараса, одан да соны көрді. Оларға Қан-
Төрəлі: «О, қырық жігітім, қырық серігім! Неге жылайсыңдар? Онан да 
менің қол қобызымды əкеліп тартып, əруағымды жебеп тұрыңдар», – деді. 
Қырық жігіт қобыз тартып, батыр дың ерлігін мақтады. Не айтқан екен 
олар, тыңдаңыз, хан ием! «О, сұлтанымыз, Қан-Төрəлі! Сен орныңнан 
тұрып, Кавказдың қара жал атына батырлық үшін мінген емес пе едің? 
Сен басы биік Алатаудан құс атқан батыр емес пе едің? Сен əкеңнің ақ 
шаштарына нөкер қыз дардың қалай сиыр сауып, сүт əкелетінін көрген 
едің. Олар сиыр бала сын бұзау емес, өгізше, бұқашық деп атамаушы 
ма еді. Батыр туған адам ажалдан қорыққан ба? Сары киімді Сейілжан 
сұлу саған мұнарадан қарап тұр. Оның көзі түскен адамның бəрінің 
де жүрегі от болып жанады. Сол қызды сүйетін болсаң, бар күшіңді 
аяма», – десті қырық жігіт. Сонда Төрəлі: «Өгізіңді жібер, гəуір!» – деді. 
Жасауылдар өгіздің шынжырын алып, бос жіберді. Өгіз Қан-Төрəлі-
нің болат найзасына тура жүгірді. Қан-Төрəлі əулие-əнбиеге, тəңірге 
жалбарынып, найзасын өгіздің маңдайына салғанда, өгіздің артқы екі 
аяғы бүгіліп, кілт тоқтады. Жұдырығымен оның маңдайынан итеріп, 
алаңның шетіне дейін шегіндірді. Өгіз бен Қан-Төрəлі бірін-бірі жеңе 
алмай, көп алысты. Ақырында өгіз əлсіреп, танауы көбіктенді. Екеуі 
тіресіп тұрғанда Қан-Төрəлі: «Құдай адамға ақыл беріп, оны дүниенің 
иесі етті. Жалт беріп бұрылсам, өгіз екпінімен опырыла құлайды, 
содан соң аса қиындықсыз-ақ жеңермін», – деп ойлады. Солай етіп 
жалт бер генде, тіресіп тұрған өгіз екі мүйізін астына беріп, омақаса 
құлады. Қан-Төрəлі оны құйрығынан ұстап үш рет көтеріп тастады. 
Өгіздің сүйектері күл-талқан болды. Содан соң өгізді басып отырып 
бауыздап тастады да, терісін сыпырды. Өгіздің етін алаңда қалдырып, 
терісін Тагаворға əкеліп тастап: «Ертең қызыңды маған бересің», – 
деді. Сонда Тагавор: «Сұраған қызын беріңдер де, өзін қаладан қуып 
жіберіңдер, біздің елімізден кетсін», – деді. Тагавордың баласы тұрып: 
«Аңдардың патшасы арыстан еді, сонымен де сайысып көрсін, қызды 
содан соң берерміз», – деді.
Патшаның жарандары торда тұрған арыстанды алаңға əкелді. Ол 
алаңда тұрған аттарды тістеп, қызыл ала қан қылды. Батырдың жігіт-
тері тұрып: «Өгізден бала құтылды, енді арыстаннан қалай құтылар 
екен», – деп еңіреп жіберді. Қан-Төрəлі жігіттерінің жылап тұрғанып 
көріп: «Жылама, жігіттерім, қолдарыңа менің қобызымды алып 
сарындатып тұрыңдар. Сары ала киім киген қызға ғашық болып арыс-
таннан қорықсам, не болғаным?» – деді. Бұл сөзге жолдастары қуанып, 
сөйлей бастады. Не айтқан екен олар, тыңдалық, хан ием. Серіктері 
оған: «О, сұлтаным, Қан-Төрəлі! Аң патшасы арыстанды жеңу оңай 
емес. Ол қалың қамыс ішінде жүріп ақырса, алыстағы жылқының құты 
қашады. Айғырды көрсе жалынан тістеп алып ұрады, оған көктеректің 
бұтағынан істелген садақ түк емес. Аққудың қанатын таққан сұр жебең 
де оған батпайды. Алайда сен үшін арыстан дегенің қабамын деп келген 
ала күшік емес пе? Батыр соғысқа түссе, өлімнен қорқа ма? Сары ала 
алтын киген Сейілжан сұлу өзінің көк терезелі мұнарасынан сайысқа 
қарап тұрды. Оның көзі түскен жігіттің ғашық отына жанбағаны бар 
ма? Арыстанмен айқасқанда сол сүйген қызыңның сары ала киімі 
көз алдыңда болсын», – десті. Қан-Төрəлі қайратына симай: «Ей, 
гəуірлер, жібер арыстаныңды! Оны турап тастайтын қолымда қара 
болат қылышым жоқ. Ғаламдағы бар байлықтың иесі, рақымы мол 
тəңірінің бір өзі пана болсын», – деді. Арыстанды алаңға жіберді. Ол 
Қан-Төрəліге қарай жүріп, жақын келді, Қан-Төрəлі бір қолына қой 
терісін жамылып, оны арыстанның аузына тоса берді. Өзі көк тəңірісіне 


 376
377
сиынды да, арыстанның бас сүйегін көздеп тұрып жұдырығымен 
қойып қалғанда, жағын күл-талқан етіп, ұнтап жіберді. Арыстан аузын 
ашқан күйі жерге құлап түсті. Батыр арыстанды аяғынан ұстап көтеріп 
алып, жерге бір соқты да, сүйектерін қаусатты, аяқтарын жұлып алып, 
лақтырып жіберді. Сөйтіп Тагаворға келді де: «Қызыңды маған ертеңнен 
қалдырмай берерсің», – деді. Тагавор ризалық білдіріп: «Қызды əкеп 
беріңдер. Бұл жігітті көрген жерден-ақ ұнатып едім. Тұрамын десе, 
ордамда қалсын, тұрмаймын десе, еліне барсын», – деді. Патшаның 
баласы тұрып: «Мал патшасы үлек еді, сонымен де сайысып көрсін, 
қызды содан соң алсын», – деді.
Құдайына қараған бектері жəне Тагавор патша: «Үлектің аузын 
жеті жерден байлап жіберіңдер», – деп еді, күншіл гəуірлер оның 
аузын байламады, алаңға бос жіберді. «Қан-Төрəлі адам жеуші екі 
аңды жеңді, бірақ мына үлектен құтыла алмайды. Үлек оны қарпып 
тістейді де, тарпып өлтіреді», – десті. Батыр үлекті күтіп, тік тұрды. 
Арт жағында қолдарына қылышын ұстаған алты жендет тұр еді. 
Батырдың қырық жорасы сасып қалып тілге келді. Не айтқан екен 
олар, тыңдалық хан ием: «О, Қан-Төрəлі, сен ерлер салтын құрып 
орныңнан ерте тұрдың, өзіңнің Кавказдық қара жал атыңа міндің. 
Қасыңа көздері күндей жайнаған қырық жігітіңді алып, қанқұмар 
гəуірлердің еліне келдің. Биік тауларға келгенде алдыңмен емес, 
артыңмен өттің. Өзендерден теріс қарап жүзіп өттің. Қара өгіз 
келгенде, оны быт-шыт қылдың. Арыстан келгенде бел омыртқасын 
үзіп жібердің. Қара үлек келгенде неден сасып тұрсың? Оны жеңсең, 
даңқың мынау самаладай болып тұрған биік Қаратау шыңдарының 
басынан асып, өзендерден өтіп, еліңе жетеді. Ерлігіңді бүкіл оғыз елі 
айтып жүретін болады. Оғыз Қаңлының баласы Қан-Төрəлі осындай 
ерлік көрсетіп еді дейтін болады. Қара өгіз келгенде, оны қолымен 
ұрып жығыпты, арыстан келгенде оның омыртқасын талқандап 
жіберіпті дейтін болады. Қара үлектен несіне қорқасың? Осыны 
жеңсең, үлкен мен кіші де, кемпір мен шал да, досың мен дұшпаның 
да сенің ерлігіңді ертегі етіп айтатын болады. Жеңіліп, мерт болсаң, 
сақалы қудай болған əкең, шашы аппақ болған кəрі анаң қайғырып 
жылап, көздерінен қаңды жастарын төгер еді. О, хан баласы, тезірек 
қам етпесең, артыңда қылышын жалаңдатып, алты жендет келіп тұр. 
Түйе астына түссең болды, олар сенің əдемі басыңды көз ілестірмей 
кесіп тастамақ. Жерден басыңды көтеріп, жоғары қарашы! Төбеңе көк 
ала қаздар ұшып келді. Сұңқарыңды соған неге салмайсың? Сейілжан 
сұлу сары ала киімін сен үшін киіп, сенің тілеуіңде тұр. Оны неге 
көрмейсің? Сені дұшпандарың үлек аузында кетеді деп мазақтап 
жатыр. Мұны неге білмейсің? Сейілжан сұлу саған терезеден көз 
алмай қарап тұр ғой, оның көзі түскен еркектің ғашық болмағаны жоқ. 
Қыз саған ынтық болып, шаттанып тұрған жоқ па?» – десті қырық жігіті. 
Сонда Қан-Төрəлі ойға келді: «Егер мен Қара үлектің тісінде кетер 
болсам, жұрт қыздың дегені болды дер. Қара үлекті өлтірсем, бүкіл 
оғыз елі менің ерлігімді мақтап, қызды жеңіп алды дейді екен. Онда, 
жігіттерім, менің қол қобызымды алып, сарнатып тұрыңдар, ерлігімді 
оятыңдар, тəңіріге сиынып, нар тəуекел деп, сайысып көрейік. Үлектен 
қорқатын не бар? Тəңірі жарылқаса, оның да басын кесермін», – деді. 
Жігіттері Қан-Төрəлінің намысын қыздыратын сөздер айтты. Не деген 
екен олар, хан ием, тыңдап көрелік: «Бүркіт биік тастың басына ұя 
салады, сен сол бүркіттердің сұлтаны едің. Көкке ұшып шыққанда, ол 
құдайдың қасына барады. Төменге шүйілер болса, қамал бұзатын тас 
шоқпарға айналады. Аңға түскенде бүркіт оқтан жылдам. Көл бетіндегі 
үйректерді орнынан тұрғызбай қағып кетеді. Үйрек уысына түскенде, 
ұшып бара жатып, оның сүйегін парша-парша етеді. Қарны ашқанда, 
ұясын тастап, биікке самғап ұшып кетеді. Сауысқан, қарға оның 
қасына жолай алар ма? Ер жігіт жаумен айқасқанда өлімнен қорқар ма? 
Сары киімді Сейілжан сұлу мұнарадан саған қарап тұр. Ол қыз кімге 
қараса, соның жүрегі от боп жанады. Сары киім киген қызға ғашық 
болсаң, ерлігіңді көрсет», – десті. Қан-Төрəлі өзін тəңіріге тапсырып, 
түйені аяғымен теуіп қалғанда, үлек бақырды. Екіншілей тепкенде 
ол құлап түсті. Сонда Төрəлі оның үстіне шығып алып, мойнын екі 
жерден бауыздап, басын кесіп тастады. Жонынан екі білем таспасын 
алып, Тагавордың алдына лақтырып тастады: «Қызыңыз осыны илеп, 
оқ салатын қорамса етсін, не болмаса үзеңгі бау тігіп алсын», – деді. 
Тагавор баланың батырлығына қайран болып: «Бұл жігітті мен көрген 
жерден-ақ ұнатып едім», – деді.
Тагавор қызын бермек болып, қырық жерден ала шатыр, қырық 
жерден үй тікті. Қан-Төрəлі мен қызына бөлек отау тіккізді. Ұзандар 
келіп, махаббат жырын айтты. Ол қылышын қынабынан алып, тасқа 
ұрды. Тас қақ жарылды. Өзіне мынадай серт қойды: «Қарт əкемнің алдын, 
қарт анамның жүзін көрмей, бұл шатырға кірер болсам, менің мойным 
осы жарылған тастай болып кесілсін, өз қылышым мойныма түссін, өз 
садағымның оғынан ажал табайын, некесін қимай ұл туғызсам, ол он 
күнге толмай өлсін», – деді Қан-Төрəлі. Сөйтіп ол тігілген шатырдың 
бəрін де жыққызды, түйелерін бақыртып, жылқыларын кісінетіп 
көшті. Жеті күн, жеті түн жүріп, оғыз елінің шегіне келіп, шатырын 
тікті. Содан соң ол: «О, қырық жігітім, қырық серігім, сендерден менің 
аянар басым жоқ. Тəңірі сапарымды оң қылып, жаудың үш жалмауызын 
жеңдім. Сары ала алтын киген Сейілжан сұлуды алып, еліме келіп 
жеттім. Балаң қалыңдық əкеле жатыр деп, еліме хабар беріңдер, əкем 
алдымнан шықсын», – деді жолдастарына. Қан-Төрəлі қонатын жерді 
көріп еді, аққу-тырнасы, бөденесі мен түйетауығы көп жер екен. 
Сулары мұздай, мөлдір, орман-нуы жайқалған қоныс екен. Сейілжан 
сұлу, мұндай сұлу қоныс жоқ, шатырды осы жерге тігелік деді. Қыз 
бен батыр сол жерде қалып, ішіп-жеп, сауық құрып жата берді. Қырық 
жігіт елге кетті.
Оғыздар заманында жігіт басына қиындық түсер болса, ол соны 
түс көріп білуші еді. Қан-Төрəлі ұйқыға кеткенде Сейілжан сұлу: 


 378
379
«Маған ғашық болып таласып жүргендер көп еді. Осылай жатқанда 
бізге жау тиіп, қосылған жігітімді өлтіріп, өзімді алып кетсе қайтер 
еді. Ақ жүзіме дақ салып, əкемнің үйіне қайта апарып тастаса не болар 
еді?» – деп шошынды. Сөйтіп Қан-Төрəлі атының сауытын алып, өз 
атына кигізді, өзі де сауыт киіп алды. Қарына найзасын іліп, биік қырға 
шығып, алысқа көз жіберді. Бұл кезде Тагавор: «Қаңғырған бір батыр 
келіп менің үш дүлей аңымды өлтіріп, жалғыз қызымды олжалап 
кетті, мұның өзі маған лайық іс болмады», – деп, айныған еді. Алты 
жүз əскер жиып, бəріне сауыт, қара шапан кигізіп, қолдарына көк 
темір берді. Олар бір күн, бір түн суыт жүріп Қан-Төрəлі жатқан жерге 
келді. Сейілжан оларды көрді, сақтық көрсеткеніне қуанды. Енді олар 
шабуылға шықпақ. Қыз атына қамшы ұрып, Қан-Төрəліге келіп сөйлей 
бастады. Не деген екен ол тыңдалық, хан ием: «Бейқам болма, жігітім, 
басыңды көтер, алақат бояумен сүрмелеп тастаған көзіңді аш, жігітім! 
Жау келіп қалды! Олар сенің аяқ-қолыңды байлап, басыңды қара жерге 
салып, сүйретіп өлтірмек. Дұшпандарың келіп қалды. Ұйқыңды қи да, 
атыңа мін. Тау қозғалмай жер жарылғалы тұр. Гəуірлердің кəрі бектері 
тірі екен, олар қызымызды тартып алды деп намыс көрсетіп, елін 
жинапты, аттарына мініп, таудан асып, біздің ізімізге түсіпті. Қатарын 
түзеп жау келді. Қауіпсіз жер тапқандай, бұл жатысың қалай? Үйімде 
жатырмын деп ойлайсың ба? Не болған саған?» – деді оған. Бұл сөзді 
есіткен соң, Қан-Төрəлі ұйқысынан тұрды: «О, сұлу жарым, айтып 
тұрғаның немене?» – деп сұрады. Қыз оған: «О, жігітім, артыңнан жау 
келіп жетті. Айту менен де, соғысу сенен, ерлік көрсететін жерің 
келді», – деді. Қан-Төрəлі көзін ашқан кезде қыз қолына найзасын 
алып, шаба жөнелді. Батыр қара жерді сүйді де, сөйлеп кетті: «Біздің 
дініміз ақ еді, тəңірі сөзі шын деп, тілімізді кəлимаға келтірген едік. 
Сол тілегіміз тəңірге аян болсын», – деп, таза сумен дəрет алды, екі 
бас құтба оқып, басын сəждеге иді. Сөйтті де көк тəңіріге сиынып 
атына мінді де, қара қамзол киген гəуірлердің жасағына қарсы жүрді. 
Сейілжан сұлу Қан-Төрəлінің қасынан шауып өтті, оған батыр: «Қайда 
кетіп барасың, сүйген жарым», – деді. «О, бек жігіт, бас аман болса 
қалпақ табылады. Гəуірлер көп екен, соғысып, сайысып қалалық. 
Өлсек – өлерміз, өлмесек қалармыз. Тірі қалғанымыз шатырға барар-
мыз», – деп Сейілжан сұлу атын сабалап, қалың жауға бөрідей тиді. 
Қашқанын қумады, кешірім сұрағанына тимеді. Ол жау жеңілді деп 
ойлап, қанға боялған қылышын ұстап шатырға келіп еді, онда Қан-
Төрəлі жоқ екен.
Сол кезде Қан-Төрəлінің əкесі мен шешесі келіп жеткен еді. Олар 
қыздың қылышы қанға боялып келгенін, Қан-Төрəлінің ол жерде жоқ 
екенін байқап, баласының хабарын сұрады: «О, келінім, о, қызым! 
Орныңнан ерте тұрыпсың. Баламды жауға беріп келдің бе? Жау оның 
басын кесіп алды ма, балам? «Ханым анам, бек əкем қайдасыңдар»,– 
деп жылап қалды ма? Өзің келіпсің, балам жоқ. Бауыр дегеннің жөні 
бөлек екен, шыдам қалмай тұр. Көрген-білгеніңді өз аузыңнан айтшы 
маған, қара басым сенің құрбаның болсын, қызым!» – деді Қан-
Төрəлінің анасы. Қыз бұл келгендер өзінің енесі мен қайын атасы 
екенін білді, оларға қамшысын бүгіп сəлем берді де: «Сіздер шатырға 
бара беріңіздер, балаңыз төбесінен қарға ұшып, бірде қоюланып, бірде 
сейіле шаңы шығып жатқан жерде гəуірлермен соғысып жатыр, сол 
жерден іздеп келейін», – деп, қыз атына қамшы басып, қыр басына 
шықты. Бір сайдан бірде қоюланған, бірде сұйылған шаң көрінді. 
Соған шауып келсе, жау Қан-Төрəлінің атын садақпен жаралаған екен, 
өзінің қабағына оқ тиіп, бет-аузын қан басқан, жауға қылыш жұмсап 
қуып тастап жүр екен. Мұны көргенде, Сейілжан сұлудың қаны қайнап 
кетті. Ол қаздарға тиген сұңқардай атқа қамшы басып, гəуірлердің бір 
қанатын жайпап өтті. Содан соң гəуірлердің екінші қанатына тиді. 
Қан-Төрəлі біреудің жауды баудай түсіріп, жайпап жүргенін көрді. 
Оның Сейілжан сұлу екенін білмеді. Бұған намысы келген Қан-Төрəлі 
сөйлей бастады. Сөзін тыңдалық: «О, жігіт, орныңнан тұрып, соғысқа 
кіріпсің. Кім боласың, жігітім? Мінгенің қара жал Кавказ аты екен, 
аты-жөнің кім еді, жігітім? Жаудың басын кесіп, доптай домалатып, 
есінен тандырасың. Менің рұқсатымсыз жауға тиген кім едің, жігітім? 
Рұқсатсыз жауға тию біздің елімізде ердің намысына тиетін іс. Тарт 
атыңның басын! Əйтпесе құсқа түскен сұңқардай сақалыңды жұлып, 
кеңірдегіңнен қысып өлтіремін, есіңді жиғызбай басыңды аламын, 
қаныңды судай шашамын, қу басыңды қанжығама іліп аламын. Ажа-
лыңа келген болмасаң, аты-жөніңді білдір, жігітім. Қайт ізіңше!» – деді 
оған Қан-Төрəлі. Тыңдаңыз, хан ием, оған Сейілжан сұлу не деп жауап 
берген екен: «О, батыр жігіт, бек жігіт, ботасын тастап кететін түйе 
бола ма? Кавказ биесі өзінің құлынын тебер ме? Қой қозысын сүзер 
ме? Сүйген жарын өлтірген батыр жігіт болған ба? Бұл жаудың бір шеті 
сенікі де, бір шеті менікі», – деді Сейілжан. Бұдан кейін Қан-Төрəлі 
жаудың бір жағын еңсеріп, қырып жүрген Сейілжан сұлу екенін түсінді. 
Өзі жаудың екінші қанатынан тиді. Ол қылышын жұмсап, талай-талай 
гəуірлердің басын домалатты. Жау жеңіліп, дұшпанның белі сынды. 
Сейілжан сұлу Қан-Төрəлінің атын жетелеп, майданнан қайтты.
Жолда келе жатып, Қан-Төрəліге ой түсті: «Сейілжан сұлу, орныңнан 
ерте тұрасың, қара жал Кавказ атына жабдық салып мінесің, əкемнің ақ 
үйінің есігін аттап шығасың, оғыз елінің сұлу қыздарын ертіп жайлауға 
таман барасың, əңгіме-дүкен құрасың, сонда оларға мақтанып: «Қан-
Төрəлі соғыста нашарлап еді, атын жетекке алып, майданнан алып 
шықтым», – дер ме едің? Солай деп айтар болсаң, менің намысым келіп, 
сені өлтірсем керек»,– деді Қан-Төрəлі. Сейілжан сұлу тіл қатты, не 
деген екен көрелік, хан ием: «О, бек жігіт, мақтану ер жігітке жарасқан. 
Əйел мақтанса, ол жалған болады. Əйел қаншама мақтанғанмен еркек 
бола алмайды. Көк көрпенің астында жатып, мен сенімен əлі күнге 
ойнап-күлгенім жоқ, ернімді тигізіп сүйісіп, тілден шəрбат алысқаным 
жоқ. Сенің сүюің де, жеруің де жылдам екен. Жан дүниең бай адам 
болмадың. Тəңірінің бір өзіне аян, мен сені өлердей жақсы көремін. Сон-


 380
381
дай сүйген жарыңды өлтіріп, досым, саған не болған», – деді Сейілжан 
сұлу. «Жоқ, мен сені ондай жерде қалайда болса өлтірер едім», – деді 
Қан-Төрəлі. Қыз ашу көрсетіп: «О, жетесізден туған жетімек, мен 
сыртыңнан ұстайын, сен ішкі қолымнан ұста. Екеуміз күш сынасып 
көрелік. Садақпен атысасың ба, қылыштасасың ба ерік өзіңде», – деді. 
Сөйтті де ол ат сауырына қамшы ұрып, биік қыр басына шауып шықты. 
Қорамсасынан тоқсан оқ алып, желге атты. Екі оғының темір ұшын 
алып тастап, бірін жасырып қойып, бірін қолына алды. Ерін темір ұшы 
бар жаймен атуға қимады. «Жігіт, садағыңды атып көр», – деп қыз оған 
кезек берді. Сонда Қан-Төрəлі оған: «Əйелдің жолы үлкен, əуелі сен 
ат»,– домалап аяғына түсті. Батыр аттан түсіп əйеліне келді де, ақ бетінен 
аймалап сүйіп-сүйіп алды. Сырын айтты: «О, сүйген жарым, үстіңдегі 
жарқыраған жұқа киімдерің бойыңа жарасқан! Ақ бетіңнің қызылы 
көбік қарға тамған қызыл қандай жанып тұр. Оймақтай аузыңа екі 
түйір өрік дəні симайды. Екі қасың қиылған қаламдай. Басыңды жапқан 
қырық тұтам қолаң шашың тірсегіңе түседі. Айбатың арыстандай хан 
қызысың. Сен өлгенше, мен өлейін. Сені мен өлтіре қояйын дегенім 
жоқ, ерлігіңді сынап көрейін деп айтқан сөзім еді»,– деді. Сейілжан 
сұлу оған былай деп жауап берді: «Орнымнан ерте тұрғанмын, қара 
жал Кавказ атыма ет-тоқым салып мінгенмін. Əкемнің тіккен үйінен 
түзге талай шыққанмын, Алатауға барғанмын. Аңдарын қуып сол 
таудың, киігін атып алғанмын. Атқан оғым бос кетпеді, жігітім. Мен 
сені тоқал оқпен атып, сынап едім. Шындап атсам өлер едің, одан 
табарым қайсы?» – депті. Сонда бұлар алысын жақын етіп, бірін-бірі 
құшақтап сүйісті. Тəтті тілден бал алысты. Сөйтіп аттарына мінді де, 
əкесінің үйіне келіп түсті. Əкесі баласын көрген соң, тəңіріге риза 
болды. Баласын, келінін ертіп алып, Қаңлы оғыз еліне келді. Көгалға 
ала шатыр тіккізіп, түйеден үлек, жылқыдан айғыр, қойдан қошқар 
сойғызды. Құдалық тойын өткізді. Барлық оғыз елін етпен бөгеді. Қан-
Төрəлі өзінің алтын шатырын тігіп, соған қалыңдығымен бірге кірді. 
Сөйтіп олар мұрат-мақсатына жетіпті.
Сол тойға Қорқыт атам келіп, жыр айтыпты. Сөйтіп артына үлгілі 
сөз қалдырыпты: «Уай, замана-ай, дін үшін күрескен сол ерлерім 
қайда? Бүкіл əлемге бүлік салған бек-батырларым қайда? Солардың 
ерлігі ел аузында ғана қалыпты. Оларды ажал ұрлап, жүздерін қара жер 
жауыпты. Өмір деген тұрақсыз. Адам бұл дүниеге келеді де, кетеді. 
Өмірдің ақыры – ажал. Өлер сағатың келгенше құдай сені, хан ием, 
дініңнен айырмасын. Залым адамдарға күнің түспесін. Құдайдың өзі 
жаққан үмітің сөнбесін. Сіздің жарық жүзіңізді көрген соң, бес ауыз 
дұға бірлесіп, өлмес тағылым болсын. Хан ием, Мұхамедтің аруағы 
үшін құдай ол дүниеде күнəңді кешірсін».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет