418
419
бұған қатысты уақ-түйекке іркілмегеніміз дұрыс; қалай болғанда да,
бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы
кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына сəл аялдағанда,
кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал
басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сəтте ақын кемелділігі
мен балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне
қатысы бар.
Кейде қайдағы бір əре-тəрелер нағыз шебердің туындысына
бергісіз керемет өлең шығаруы таңғаларлық емес. Бірақ оның себебі
тек сəйкестік пен кездейсоқтық, ондайды екі қорытындыдан үшінші
қорытынды жасайтындардың сапына жатқызуға əсте болмайды.
Теңеу де өз көркемдік дəрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың –
тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дəл келе ме, жоқ жуықтай ма,
немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы
суреткерге тəн тəсілмен ұқсастыру – əрбір
ақынның шеберлігіне
байланысты.
Мəселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай
салыстырады, өйткені А мен В арасындағы ұқсастық белгілері мен
сəйкестігі В мен С-ға барабар. Сонымен, ол А мен С бір-бірінен
соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық
идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дəл мұндай əсерді тек
өнер кемелділігі шақыра алатыны кəміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі
ақындар тəжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының
соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мəнін ашатын сөз
таңдайды. Онысы шынында да шұғылалы сезімге бөлейді.
Енді осы өнер біліктілері мен суретші арасында кейбір сəйкестік бар
екенін еске сала кетеміз. Олардың
өнердегі құралы болғанымен, түр
жағынан, қызметі жағынан да ұқсамайды деу қиын. Өлең өнері – сөзбен,
ал живопись (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен
ғана бөлек: ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына
еліктеудің көмегімен əсер етеді.
Сонымен, өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай
жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осылардың көбісін жеріне жеткізе
талдауға да болар еді: тек ондай қарекет аталмыш өнерде басқа өнердің
есесінен бір жақты мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл
тұжырымның үлесіне жатпайды.
Осымен, Əбунəсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең
өнерінің қағидалар туралы жазған трактаты тəмəм.
Достарыңызбен бөлісу: