«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет16/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ЮЙУЫН ШЫНЖЮЙ
Юйуын Шынжюй – Тəйзу патшаның аталас інісінің баласы. Ұлы 
бабасы Юйуын Жинлиң, бабасы Юйуын Чюнəндар Уей сарайында 
жоғары лауазымды ұлық болған. Атасы Юйуын Жиндян Уей əуле-
тінде қиырды тыныштандырушы сеңүн, Янжоуға дуанбасы, Əнжидың 
кіші бегі болған. [...]
Шюанжыңның алғашқы жылы (578) сыпаға аға абыз болып 
ауысты. Гаузу патшаның өзі солтүстікке аттаныс жасағанда Юйуын 
Шынжюй, Юан ел-сұлтаны Жи Юандарға бес бағытпен алға ілгерілеу 
жөнінде жарлық түсті. Гаузу Юняңға барғанда ауруы асқынғаны 
себепті əскері кері оралды. Южоулық Лу Чаңчи, Зу Йыңболар 
Пəняңды басып алып, бұлғақ бастағанда, Юйуын Шынжюй жарлық 
бойынша əскер бастап барып, оларды тұтқындады. Чи елінің сарай 
жанауылы Лу Сыдау да бүлікшілердің тобында еді. Қарақшылар 
тыныштандырылғанда ол да тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. 
Юйуын Шынжюй оның талантына тəнті еді. Сондықтан оны боса тып, 
сый-құрмет жасады. Оған хат-қатынастар жазуды тапсырды. Ол, міне, 
зиялыларды осылай құрметтейтін. Қарамағындағы жихулар бұл ғақ 
бастап, Шихыға аран датушылық жасады. Юйуын Шынжюй Юе ханы 
Юйуын Шыңмен бірге оларға жазалау жорығын жасады. Осы кезде
түріктер жихулар мен одақтасты да, атты əскерлерін оларды құтқаруға 
аттандырды. Юйуын Шынжюй ерауылдарымен бұларға соққы берді. 
Түріктер жеңіліп шегінді, жихулар бағынатындықтарын жариялады. 
Осыған орай ол Биңжоу, Лужоу, Сыжоу, Шыжоу дуан дарындағы 12 
бекінісжайға алайбасы, Биңжоуға төбенай болып тағайындалды.
ТҮРІК
Түріктер – ғұндардың өзге бір тармағынан. Əулет есімі – Ашына. 
Олар өз алдына ұлыс құрды. Кейінірек оны көршілес мемлекеті 
талқандады да, халқын түгел қырды. Бірақ бір 10 жасар ер баланы 
жасақтар баласынып өлтіруге қимай, аяқтарын кесіп, шалғынды иен 
далаға апарып тастады. Бір қаншық қасқыр үнемі ет əкеліп беріп, 
оны асырады. Ол бала ер жеткен соң қасқырмен жақындасып, оны 
буаз қылды. Бұл баланың тірі екенінен құлақтанған жау елінің ханы 
оны өлтіруге тағы адам жіберді. Жіберген адамы баланың қасындағы 
қасқырды көріп, баламен бірге оны өлтірмекші болады. Қасқыр қашып 
құтылып, Гаучаң елінің солтүстігіндегі тауға келді. Тауда бір үңгір 
болыпты, үңгір іші аумағы бірнеше жүз ли келетін төрт жағы таумен 
қоршалған шалғынды жазық екен. Қасқыр сол араға бой жасырып, 
10 ұл тапты. Бұл оны ер жеткен соң сырттан əйел алып, бала сүйді. 
Əрқайсысының өз науғысы болды. Ашына – солардың бірінің науғысы. 
Олар өсіп-өрбіп, бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін 
олар бірінен соң бірі үңгірден шығып, нөнелерге бағынды. Алтынтау-
дың күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың 
пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» 
дейді. Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды.
Былай деп те айтады: «Түріктердің арғы аталары ғұндардың 
солтүстігіндегі сақ елінен шықты. Олардың ұлыс абасы Абам бек 
деп аталды. Олар 17 ағайынды еді. Оның бірі Іді Нышида еді, ол 
қас қырдан туды. Бам бектер тумысынан өте ақымақ болды да, 
мемлекеттері жойылып кетті. Ал Нышиданың табиғаттың өзгеше 
құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра 
алатын еді.Ол екі əйел алыпты. Оларды жаз бен қыс тəңірінің қыздары 
дейді екен. (Оның бірі) бір құрсақ көтеріп, төрт ұл тапты. Оның бірі 
аққуға айналыпты; біреуі Абасу мен Кем өзендері арасынан Қырғұр 
деген мемлекет құрыпты; енді бірі Чатша судың бойынан мемлекет 
құрыпты; тағы бірі Жас чатшаш тауында мекендеді. Бұл – оның 
үлкен ұлы еді. Бұл тауда Абам бектің ұрпақтары да болды. Ол жер өте 
суық əрі ылғалды жер екен. Үлкен ұлы от шығарып олардың бойын 
жылытып, асырап-бағып, олардың жанын сақтапты. Осылайша олар 


 76
77
үлкен ұлды өздері нің билеушісі етіп сайлапты. Оған Түрік деген 
атақ беріпті. Оның өз аты – Нағыд Түрік шад еді. Нағыд Түріктің 10 
əйелі болды. Балаларының барлығы шешелерінің əулетінің есімімен 
аталды. Ашына – оның кіші əйелінің баласы еді. Нағыд Түрік өлгеннен 
кейін 10 əйелдің балалары өздерінің ішінен біреуді таққа отырғызуды 
ұйғарды. Олар бір бəйтеректің түбіне жиналды. Олар: «Қайсымыз 
осы бəйтерекке жоғары секірсек, сол таққа отырады» деп уəделесті. 
Ашынаның ұлы жасының кішілігіне қарамай, бəрінен биік секірді. 
Сонан бауырлары оны Ақын шад деген лауазыммен қошеметтеп 
таққа отырғызды. Бұл аңыз, айтылуы өзгешерек болғанымен, сайып 
келгенде (түріктердің) арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды.
(Одан) кейінгінің аты – Тамын. Оның заманында ұлысы біраз 
күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп əр түрлі жібек маталар сатып 
алып, Кіндік қағанатпен қарым-қатынас жасау ниеттерін байқатты. 
Датұңның 11 жылы (545) Тəйзу (Жоу Уынди) патша жючюандық ху Əн 
Нопəнтоны елші етіп жіберді. «Бүгін ұлы қағанаттан елші келді. Енді 
еліміз көркейетін болды» деп олардың ел-жұрты бірін-бірі құттықтасып 
қатты қуанды. 12 жылы (546) Тамын да жергілікті бұйымдарын тарту 
етуге елшісін жіберді. Осы кезде телектер нөнелердің үстіне аттанды. 
Тамын өз жасақтарымен тосқауылдап, оларды талқандады. Осылайша 
олардан 50 мыңдай түтін бұларға берілді. Бұлар едəуір күшейген соң, 
нөнелерден қыз айттыруға араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан 
болған нөнебасы Анагүй кемсіткен, балағаттаған жауаппен: «Менің 
темірші құлым бола тұра, мұндай сөйлеуге қалай батылың барды», – 
деп арнайы елші жіберді. Шамырқанған Тамын оның елшісін өлтіріп 
тастады да, нөнелермен арадағы қатынасты біржола үзіп, бізге қыз 
айттыру талабын білдірді. Тəйзу қабыл алып, оған 17 жылы (551) 
маусымда Уəй əулетінен Бақуат ханшаны ұзатты. Сол жылы Уей 
Уынди патша өлді. Тамын елшісін жіберіп, көңіл айтып, бата оқырына 
200 жылқы айдатты.
Уей Фейди заманы 1 жылдың басқы айында Тамын нөнелердің 
үстіне əскерін аттандырып, Хуайхуаңның солтүстігінде оларды 
ой сырата жеңді. Анагүй өзін-өзі өлтірді. Оның ұлы Əмірешін Чи 
патшалығына қашып барды. Қалған ел-жұрты Анагүйдың көкесі 
Теңчүкісті таққа отырғызды. Осыдан кейін Тамын өзін Елетміш 
қаған деп атады. Бұл ежелгі тəңірқұтпен бірдей. Өзінің əйелін қатұн 
деп атады. Бұл да ежелгі əтшеге тура келеді. Тамын өлгеннен кейін 
баласы Қара таққа отырды.
Қараның лауазымы Ісіг қаған еді. Ол да (Тең) чүкісті Уо-йеның 
солтүстігіндегі Мұғрат тауында талқандады. 2 жылы (553) наурызда 
Қара сарайға 50 мың жылқы айдатып елшісін жіберді. Қара өлген соң 
оның інісі Іркін Мұқан қаған деген лауазыммен таққа отырды.
Іркіннің тағы бір аты Йеңді еді. Ол ерекше жаралған жан еді. 
Бетінің жалпақтығы бір чыдан асатын. Екі беті қып-қызыл, көздері 
жалт-жұлт еткен өте жанарлы еді. Қайратты да қатыгез болды. Ол 
жаугерлік жорықпен көбірек айналысты. Ол Теңчүкіске шабуылдап, 
оны жеңді. Теңчүкіс аман қалған адамдарымен қашып келді. 
Іркін батыста абдалдарды күйретті, шығыста қытандарды үркітті, 
солтүстікте қыр ғұрларды өзіне қосып алды жəне Ұлы Қорғанның 
сыртындағы елдерді де айбарымен жасқап, өзіне бағынуға мəжбүр 
етті. Оның жалпы иелігі шығыста Ляухəйдың батысынан Батыс 
теңізге дейінгі 10 мың ли; оңтүстікте Құм шөлдің солтүстігінен 
Солтүстік теңізге дейінгі 5–6 мың ли жерді алып жатты.
Олардың салты: шаштарын жайып, шапаны солға қарай түй-
меленеді. Күмбез пішінді киіз үйде тұрады. Судың тұнығын, шөптің 
сонысын қуып көшіп жүреді. Мал шаруашылығымен, аң аулаумен 
шұғылданады. Қарттарды сыйламайды, қару-қайраты бар жастарды 
құрметтейді. Ар-ұяты кем. Ежелгі ғұндар сияқты – əдеп-иба, əділдік 
дегендерден жұрдай. Елбасыларын алғаш таққа отырғызғанда, 
жасауылдары мен мəртебелілері оны киізге отырғызып, күн қозғалысы 
бағытымен тоғыз рет айналады. Əр айналғанда қарашылар оған тағзым 
етіп отырады. Мұнан кейін оны атқа мінгізіп, мойнын торғынмен 
орап, демі үзілмейтіндей дəрежеде қылқындырады да, «Неше жыл 
қаған боласың?» – деп тосын сұрайды. Есеңгіреген елбасы нақты 
айта алмайды. Ұлықтар оның айтқандарына сай өздерінше есептеп 
шығады. Ең ірі ұлығы – ябғұ, одан кейінгісі – шад, одан кейінгісі – тегін, 
одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер, барлығы төменгі 
шен ділермен қосқанда 28 дəреже. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие 
болады. Қару-жарақтан оларда бары: садақ-оқ, ысқырма оқ, сауыт, 
найза, қылыш, семсер, сəн үшін көбіне ақинақты бойынан тастамайды. 
Туларында бөрінің зермен айшықталған бас бейнесі бар. Жасауыл 
сарбазды «бөрі» деп атайды. Бұл қытай тілінде «лаң» (қасқыр) деген 
ұғымды білдіреді. Өздерінің қасқырдан туған ежелгі тегін ұмытпау 
үшін осылай атайды. Шақырылған əскер мен олардың ат-көліктерін, 
салық пен мал-мүліктердің санын алғанда ағашқа кертіп белгі салу 
жолымен есептейді. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөрді куəлік 
ретінде пайдаланады. Олардың жаза заңы бойынша бүлік шығару, кісі 
өлтіру, біреудің əйелін зорлау, бекітілген аттың тұсамыс-шідерін ұрлау 
өлім жазасымен жазаланады. Біреудің қызын зорласа, оған заттай ауыр 
айып төлетеді жəне сол қызға үйленуге мəжбүр етеді. Адамды ұрып 


 78
79
зақымдағандар зақымның ауыр-жеңілдігіне қарай заттай құн төлейді. 
Ат немесе басқа зат ұрлаушы сол ұрлаған нəрсенің құнын он неше есе 
етіп қайтарады. Өлген адамның мəйіті киіз үйге жайғастырылады. 
Балалары, немерелері, туыс-туғандары ер-əйел демей, құрбандыққа 
жылқы, қой шалып, етін əруаққа атап есіктерінің алдына жаяды да, 
атқа мініп, үйді жеті айналып шығады, сонан үйге кірерде беттерін 
теміртекпен жыртып дауыс қылады, қан мен жас қосыла төгіледі. 
Жоқтау рəсімі мұны осылай жеті рет қайталағанда барып аяқтайды. 
Сонан кейін күннің сəтін таңдап, өлген адамның (тірісінде) өзі мінген 
атын, тұтынған мүлкін оның денесімен бірге өртейді де, белгілі бір 
мезгілде жерге көмеді. Көктемде жəне жазда өлген адамды ағаштар 
мен өсімдіктердің жапырағынан сарғайғанда немесе түсе бастағанда, 
ал күзде жəне қыста өлген адамды гүлдер бүршік жара бастаған 
кезде жерлейді. Жерлеу кезінде өлген адамның туыстары, дəл өлген 
күніндегідей, тасаттық беріп атпен шапқылайды, беттерін жыртады. 
Қабір басына тас қойылып, белгі орнатылады. Қойылатын тастың саны 
өлген адамның тірі кезінде өлтірген адамының санына қарай болады. 
Құрбандыққа шалынған қой мен жылқылардың бастары түгел белгіге 
ілінеді. Бұл күні ерлер де, əйелдер де бір киерлерін иығына іліп, қабір 
басына жиылады. Егер сол топтан жігітке бір қыз ұнаса, ол қайтып 
барған соң қыз үйіне құда түсуге адам жібереді. Мұндай жағдайда 
көп ретте қыздың ата-анасы қарсы болмайды. Əкесі [ағасы], əкесінің 
аға-бауыры қайтыс болса, баласы, інісі жəне аға-бауырының баласы 
өгей шешесіне, жеңешесіне, жеңгесіне үйлене береді. Тек үлкендердің 
өздерінің баласы есепті адамдардың жесірімен шатасуына болмайды. 
Олардың тұрақты орын тепкен мекені жоқ. Бірақ əрқайсысының
өздеріне тиеселі жері болады. Қаған Өтүкен тауына тұрғылықты. 
Оның ордасының есігі шығысқа қаратылады. Бұл күннің шығуына 
еткен құрметі болса керек. Ол жыл сайын мəртебелі адамдарымен 
аталарының үңгіріне барып құрбандық шалады. Ал мамырдың 
ортасында Тарын өзенінде көк тəңіріне тасаттық беріп табынады. 
Өтүкен тауынан 4–5 жүз ли жерде басына ағаш та, шөп те өспейтін 
биік шоқы бар. Оны Ба теңрі деп атайды. Бұл қытай тілінде «дишын» 
(жер құдайы) деген мағынаны білдіреді. Олардың жазуы хулардікіне 
ұқсайды. Бірақ жыл қайырып, күн есептеуді білмейді де, жердің неше 
рет көктегені бойынша жыл есебін шығарады.
Іркін заманында ұлысы мықтап күшейді. Сонан елшісін жіберіп
Теңчүкістің көзін жоюды сұрады. Тəйзу бұған мақұл болып, Теңчүкіс-
тен құлдай 3000 адамды жиып алып, оның елшісіне тапсырды. Оларды 
Чиңмын қақпасының сыртында қырып салды. 3 жылы (556) Іркін 
тұйғұндарды тұтқиыл шабуылмен талқандады. Бұл жайт Тұйғұн 
баянында айтылады. Миңдидың 2 жылы (558) Іркін елшісін жіберіп, 
жергілікті бұйымдарынан сый ұсынды. Баудиңның 1 жылы (561) тағы 
да үш мəрте елші жіберіп, жергілікті өнімдерін тарту етті. 
Ол кезде Чи патшалығымен арамызда соғыс болып жатыр еді. Арада 
қақтығыс толастамаған соң, сырттан көмекші болуы үшін олармен 
одақтасуға тура келді. Іркін Уей əулеті Гұңдидың заманында-ақ өзінің 
қызын Тəйзуға атастырған еді. Бірақ некелік шарт бекімей жатып Тəйзу 
қайтыс болып кетті. Ұзамай Іркін басқа қызын Гаузуға атастыруға 
келісім берді. Алайда қалың алып үлгермей, Чи патшалығы да оның 
қызына құдалық сөйлесіп елші жіберді. Іркін олардың тартуына 
қызығып, бұрынғы сөзден айнығысы келді. Осыған байланысты патша 
Ляңжоу дуанбасы Яң Жян мен бөрібасы Уаң Чиңдерді құдалықты 
бекітуге жіберді. Уаң Чиңдер уəдеге опа, іске əділдік керек екенін 
ұғындырды. Осылайша Іркін Чи патшалығының елшісінің талабынан 
бас тартып, құдалық шартын бекітті əрі шығысқа жорық жасау тілегін 
қайталай білдірді. Бұл іс Яң Жяңдардың ғұмырнамасында айтылған. 
3 жылы (563) патша Сүй сұлтаны Яң Жұңға 10 мың əскерді бас-
тап түріктермен бірге Чи елінің үстіне аттануға жарлық шығарды. 
Яң Жұңның əскері Жиңлиңнен асқанда Іркін өзінің 100 мың атты 
сарбазымен келіп бұларға қосылды. Келесі жылы бас қы айда 
Жиняңда Чидың билеушісін қоршауға алды. Бірақ жеңе алмады. 
Сонан Іркін сарбаздарын еркіне жіберіп, мейлінше тонатып кері 
қайтты. (Жорықтан оралған) Яң Жұң Гаузуға былай деді: «Түрік-
тердің жасағы жалпы нашар, сыйлығы мардымсыз. Қолаға көп 
болғанымен, бұйрықтарының тиянағы жоқ. Мұндай елді бойсұндыру 
қиын деуге қайтіп болады? Бұрынғы барған елшілеріміздің оларды 
өте құдіретті етіп көрсетуіндегі мақсат – олардың елшісіне мол 
сыйлық бергіздіру, сөйтіп өздері барғанда да соның есесіне көп 
сыйлық алу. Сарай олардың өтірігін малданған соң, қолбасыларымыз 
да, əскеріміз де олардан шынымен именетін болып жүр. Лулар былай 
қарағанда мықты сияқтанғанымен, оларды жөнге салу өте оңай. Қазір, 
меніңше, бұрынды-соңды барған елшілердің барлығының басын 
алған жөн». Гаузу оның бұл ұсынысын қабылдамады. Сол жылы 
Іркін тағы да тарту-таралғымен елшісін жіберіп, шығысқа екінші рет 
жорық жасауға өтініш білдірді. Патша Яң Жұңды əскерімен Уо-йедан 
аттануға, ал Жин сұлтаны (Юйуын) Худы Лояңға барып онымен тізе 
қосуға бұйырды. Кезегінде (Юйуын) Ху шайқаста жеңіліс тапты да, 
Іркін кері қайтып кетті. (Баудиңның) 5 жылы (565) патша Чын сұлтаны 
(Юйуын) Чұн, бас уəзір Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И жəне Нəн-əн 


 80
81
Ñ×ÉÍÀÌÀ
сұлтаны Яң Жяндарды қалыңдықты алып келуге жіберді. Тянхының 
2 жылы (567) Іркін Чи əулетінен əлі де үмітін үзе қоймаған еді. Сол 
кезде өзгеше бір жел тұрып, күн күркіреді. Сосын ғана қызын (Юйуын) 
Чұндарға қосып жіберуге келісімін берді. Бұл туралы деректер 
«Патшайым ғұмырнамасында» айтылған. (Тянхының) 4 жылы (569) 
тағы да елші аттандырып, тартуға жылқы айдатты.
Іркін өлгеннен кейін, орнына інісі Таспар қаған деген лауазыммен 
таққа отырды. Іркін кезінен бастап, мемлекеті күшейген соң, олардың 
хуашялықтарды келемеж ету ойы болған еді. Сарай олармен құда-
андалық қатынасты сақтауға тырысып, жылына 100 мың топ торғын-
торқа, асыл кездемелер беріп тұрды. Түріктердің астанада тұрғандарын 
аса сый-құрметпен күтті. Олардың сарай есебінен киім киіп, ет жей-
тіндерінің өзі үнемі мыңға жетіп отырды. Чилықтар да олардың 
шабуыл жасауынан жасқанып, қазыналарын сарқып бітті. Таспар бұған 
насаттанып, қасындағы нөкерлеріне: «Күнгейдегі екі ұлым маған деген 
адалдығынан айнымаса, еш нəрседен шолпы тартпаймын», – дейтін 
еді. (Уди – Юйуын Юң заманы) жяндының 2 жылы (573) Таспар елші 
жіберіп сəйгүлік сыйлады.
Чи патшалығы жойылғаннан кейін, оның Диңжоу дуанбасы, Фəняң 
ханы Гау Шау-и Ма-идан түріктерге қашып барды. Таспар Гау Шау-иды 
Чи патшасы етіп көтерді, кек аламыз деп оның бұрынғы адамдарын да 
шақыртты. Шюанжыңның 1 жылы (578) сəуірде Таспар Южоу дуанын 
шауып, халқын қырды. Баған Лю Шюң əскерімен қарсы соғысты. 
Бірақ жеңіліс тауып қаза болды. Гаузудың өзі алты алайды бастап 
солтүстікке жорық жасады. Бірақ ол жолда қайтыс болды да, əскері 
кері оралды. Сол жылы қыста Таспар шекара аймаққа шабуыл жасап, 
Жючюанды қоршап, аямай тонап кетті. Дашяңның 1 жылы (579) Таспар 
құда-андалық қатынасты қалпына келтіруді өтінді. Патша Жау ханы 
(Юйуын) Жаудың қызын Мыңділда ханша деген атпен оған атастырды 
жəне елші жіберіп Гау Шау-иды астанаға айдатып əкелуді тапсырды. 
Таспар жарлықты қабылдамай, баяғысынша Биңжоу дуанына шабуыл 
жасады. Дашяңның 2 жылы (580) тарту-таралғысымен елшісін жіберіп, 
ханшаны алдырды. Бірақ Гау Шау-иды тапсырмай, алып қалды. Патша 
осы мəселеде өз лебізін жеткізуді Хыро Иға бұйырды. Осыдан кейін 
Гау Шау-и (астанаға) апарылды.


 82
83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет