«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет70/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бəріне – тыңдаушыға һəм 
айтушыға да лəззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық
үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары 
марапатталады. Орындаушылар əдетте оны патшазадалар алдында 
келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына 
кейбір əуен қосып, марқұмды жоқтайды.
Дифирамбы – трагедияның екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. 
Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тəн 
ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбінесе қайсыбір патшаларды 
мақтауға талпынады, бірақ негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.
Комедия болса, ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіп-
сіз, келеңсіз жəйлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі 
көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тəн құлықтың, сонымен 
қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.
Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мəлім жағымды, 
жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян 
болуы тиіс: мəселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бəс кəмəн 
соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады.
Драма да – алдыңғы түр сияқты, тек оған жеке есімдерге қатысты 
мақалдар мен қанатты сөздер кіреді. 
Эпос – мейлінше көркем немесе əдеттен тыс эмоциялық күшімен 
лəззат беретін поэзия түрі.
Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда 
адамдар жанын күтіп тұрған бақи бақытсыздық бейнеленеді; егер олар 
бей-əдеп һəм шектен шыққан болса.
Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң формаларын 
жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, 
жорықтар мен бастан кешкен қызықты жəйттері жырланып отырады.
Сатира дегеніміз музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі, осы 
өлшемді олар əндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға 
əдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.
Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бей-
берекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда əр поэзияның түрі 
өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен əдемілікке, келістілік пен ұсқын-
сыздыққа сəйкес келеді.
Амфигеноссос – жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыс ты-
лар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне 
дəл келетін ең сəттісі осы.
Акустика – шəкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның 
пайдалылығы осымен шектеліп, өзгеге онша қажеті жоқ.
Поэзия білгірлерінен алып, Фемистияға бағышталған философ 
Аристотельдің тұжырымдарынан оқығанымызды, сонымен қатар 
бұрынғы жазушылар мен олардың еңбегін түсіндіретіндерден түй-
генімізді топшылағанымызда грек поэзиясының кейбір түрлері 
мен маңызы осындай. Жəне бұл түрлердің тізіміне қатысты тұжы-
рымдарымызға қосымша пайымдауларымыз айтылды. Енді біз оны 
жөн санағандықтан да, сол күйінде мазмұндап береміз.
Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, 
өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген 
түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер 
құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең 
өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен 
бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл 
ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һəм өнерден 
қоныс теппегендіктен, шын мəніндегі екі ой қорытындысынан үшінші 
қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы 
поэзиясымен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші 
қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.
Екінші топтағы ақындар – өлең өнерімен толық таныс: қай тəсілді 
таңдамасын, олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысына 
болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қоры-
тынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады.
Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топтағының 
шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар əлгілердің бейнелеу мен 
теңеуде ізденістерін дамытып отырса да, поэзия оның қағидаларына 
онша қанық емес. Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлт 
кетулер жиі болып тұрады.
Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе 
арнайы жаттығу жағдайында туындауы лəзім. Мен айтар едім, жоқтау 
жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа 
поэзия түрлерін де жазуға мəжбүр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп
белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын 
жанды ерекше себептерге байланысты – өзі білмейтін түрде жазуға 
сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен ғажап поэзия еркіндікте 
тумақ.
Одан əрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не балаңдығымен 
айрықшаланады; бұл құбылыс шайыр ойының əсерімен не оқиға 
өрбітумен, не өлең тақырыбына байланысты пайда болады. Ал 
алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, 
кейде залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық шарт 
кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ; дегенмен аталмыш тұжырымда 


 418
419
бұған қатысты уақ-түйекке іркілмегеніміз дұрыс; қалай болғанда да, 
бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы 
кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына сəл аялдағанда, 
кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал 
басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сəтте ақын кемелділігі 
мен балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне 
қатысы бар.
Кейде қайдағы бір əре-тəрелер нағыз шебердің туындысына 
бергісіз керемет өлең шығаруы таңғаларлық емес. Бірақ оның себебі 
тек сəйкестік пен кездейсоқтық, ондайды екі қорытындыдан үшінші 
қорытынды жасайтындардың сапына жатқызуға əсте болмайды.
Теңеу де өз көркемдік дəрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың – 
тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дəл келе ме, жоқ жуықтай ма, 
немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы 
суреткерге тəн тəсілмен ұқсастыру – əрбір ақынның шеберлігіне 
байланысты.
Мəселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай 
салыстырады, өйткені А мен В арасындағы ұқсастық белгілері мен 
сəйкестігі В мен С-ға барабар. Сонымен, ол А мен С бір-бірінен 
соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық 
идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дəл мұндай əсерді тек 
өнер кемелділігі шақыра алатыны кəміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі 
ақындар тəжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының 
соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мəнін ашатын сөз 
таңдайды. Онысы шынында да шұғылалы сезімге бөлейді.
Енді осы өнер біліктілері мен суретші арасында кейбір сəйкестік бар 
екенін еске сала кетеміз. Олардың өнердегі құралы болғанымен, түр 
жағынан, қызметі жағынан да ұқсамайды деу қиын. Өлең өнері – сөзбен, 
ал живопись (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен 
ғана бөлек: ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына 
еліктеудің көмегімен əсер етеді.
Сонымен, өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай 
жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осылардың көбісін жеріне жеткізе 
талдауға да болар еді: тек ондай қарекет аталмыш өнерде басқа өнердің 
есесінен бір жақты мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл 
тұжырымның үлесіне жатпайды.
Осымен, Əбунəсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең 
өнерінің қағидалар туралы жазған трактаты тəмəм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет