«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет78/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Бірінші бөлімде Хормузта жер бетіне түсіп, жауыздықпен күрескені, Шмнудың 
Хормузтаны басынан жаралап жеңгені, адам баласы құдайды ұмытып, түрлі күнə-
лардың ортасында қалғаны, Раимаст баласының манихей жолын ұстанғандардың 
атынан дұға етуі жазылған.
Екінші бөлімде Күн мен Ай құдайларының ұлықтығы, олардың іс-əрекеттері, Күн 
мен Айдың манихей дінінде алар орны, адамдардың бұл екеуіне сенбей, олар жөнінде 
жаман сөз айтқаны, сол үшін күнəһар болғаны айтылады.
11
Рахмонов Н. Рухиятдаги нур муроди. Тошкент, 2002. 22–23-бб. 


 430
431
Үшінші бөлімде Хормузта құдайдың бес көмекші құдайы жөнінде сөз болады. Бес 
құдайдың қызметі айтылып, адамдар оларға сенбегені, Хормузтаның көмекшілерінің 
алдында пенденің тілмен, қолмен, тіпті он төрт мүшенің барлығымен күнə жасағанына 
Раимаст баласы қатты өкінеді.
Төртінші бөлім құдайдың елшісі деп саналған – бұрхандарға, хабаршысы – 
рухтарға, Хормузтаның əскерлері – бес жеңіл құдайларға арналған. 
Бесінші бөлім жер бетіндегі тіршілік иелері (адам, жануар, құс, балық, өсімдік) 
жөнінде болады. Оларға түрлі қиыншылықтар көрсетіп күнəлі болған адамзат үшін 
дұға етіледі.
Алтыншы бөлімде он түрлі күнə іс айтылады.
Жетінші бөлімде автор манихей жолын ұстанғандардың хақ жолдан тайып, шайтан-
ға сəжде қылғанына, оларға арнап құрбандық шалғанына өкініп, тəубеге келеді.
Сегізінші бөлімде қасиетті жазу жайында, нұр мен зұлымдықтың араласып кеткені 
баян етіледі.
Тоғызыншы бөлімде он уəде еске алынып, дұға қылушы адамдардың жамандық 
істегеніне пұшайман болады.
Оныншы бөлімде төрт тəңір – Зерван, Күн, Ай жəне Хормузта, сондай-ақ бұрхандар 
мадақталады.
Он бірінші бөлімде қасиетті жазу жайында айтылып, адамдардың бес жеңіл 
құдайға қарсы əрекетімен жазықты болғаны айтылады.
Он екінші бөлім ораза тұтуға арналады.
Он үшінші бөлім құлшылық туралы жазылған.
Он төртінші бөлім құрбандық шалу баяны.
Он бесінші бөлім – қорытынды, автор адам баласы (манихей жолын ұстаушылар) 
жасаған барша күнəлар үшін дұға қылып, тəубеге келеді. Сонымен қатар Ботурмуш 
тархан «Хуастуанифтті» жазып немесе көшіріп біткені жөнінде мəлімет береді. 
Манихей ұғымындағы құдайлардың пайда болуы ежелгі Грецияда айтылатын 
дүниенің жаратылуы туралы мифтерге өте ұқсас. Көне дəуірдегі гректер бүкіл 
дүниенің жаратылысы мен мəңгі жасайтын құдайларды ұшы-қиыры шексіз, қап-
қараңғы Хаостан таратады. Осы Хаостан əйел құдай Жер – Гея, жердің терең 
түкпіріндегі шыңырау қара түнек – Тартар, қуатты күш Махаббат – Эрос, Түн 
– Нюкта, Жарық – Эфир, бүкіл əлемге нұрын шашқан Күн – Гемера пайда болады. 
Қалған құдайлар осы аталған құдірет иелерінен тарайды. Ал «Хуастуанифт» 
дұғасында: «Нұр мен қараңғылықтың, құдайлар мен шайтандардың түп негізі Азруа 
дедік, барлық құдайларды сол жаратқан дедік» (1-бөлім), – деп ең əуелгі құдайларын 
Азруа /Зерван/ екендігін атап өтеді. 
Манихейлік «Хуастуанифт» дұғасынан зороастризм, буддизм, христиан, ислам 
діндеріне тəн мəтіндерді кездестіруге болады. Мəсе лен, Заратуштра насихаттаған 
ізгілік пен жер жүзіне жайылған зұлымдық соғысы, Иса Мəсіхтің əлемді күнəдан 
тазартып, адамдарды аспан патшалығына алып бару арқылы жеңіске жететіндігі 
секілді, «Хуастуанифтте» де аспан патшалығы ізгіліктен тұратыны айтылады. Шмну-
дан жеңілген Хормузта мен көмекші бес құдай ізгілікті аспан əлемінде орнатады. 
Тіпті Таурат жолын ұстанған еврейлердің басты қағидасы болып саналатын «Кім 
біреуді тірілтсе – құдайды тірілткені, кім біреуді өлтірсе – құдайды өлтіргені. Өйткені 
бар лық нəрсені жаратқан құдай» деген сөз «Хуастуанифт» дұғасының ішінен орын 
алған. Бұл сөздер қасиетті Құранда да кездеседі («Кім кісі өлтірмеген немесе жер 
жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды 
өлтіргенмен жəне кім оны тірілтсе /өлімнен құтқарса/ барлық адамды тірілткенмен 
тең деп жаздық». («Мəида» сүресі, 32-аят.)
Бір назар аударарлық жай: «Хуастуанифтте» қасиетті жазуға бағынбай, оның 
өзгертілгені, тура жолмен жүрмей, «мен құдаймын» деген шайтанға ілесіп, оған 
сəжде жасағандары айтылады. Исламға дейін құдайдың қасиетті жазбаларын, кітап-
тарын адамдар өз пайдаларына өзгерткені жайында Құран Кəрімдегі «Мəида» сү-
ресінде де: «Олар сөздерді орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты»
12
, – деп 
көрсетілген.
Құран мен хадистерде Исламға дейінгі құдай тарапынан келген діндер өзгертіліп, 
қасиетті жазулардағы бұйрықтар орындалмайтын дəрежеге жеткені баяндалады. 
Миғраж түнінде Мұхаммед пайғамбардың көкке көтерілуі, онда бес уақыт намаздың 
парыз етілгенін күллі мұсылман халқы мойындайды жəне оған шəк келтірмейді. 
«Хуастуанифт» дұғасының 13-бөлімінде құлшылық манихей жолын ұстанушыларға 
да міндет болғаны көрсетіледі. Тіпті 12-бөлімде елу күн ораза тұту, 14-бөлімде 
жылына жеті мəрте құрбандық шалу мəселелері айтылып, бірақ олар адамзат 
тарапынан орындалмай жүргені жазылған. Егер Құран Кəрімнің аятына жүгінсек: 
«Əй, иман келтіргендер! Бұрынғыларға парыз болғандай, сендерге де ораза парыз 
қылынды. Мүмкін, (Алладан) қорқарсыңдар» («Бақара», 183-аят), – деп ислам 
дініне дейінгі барша қауымдарға да ораза парыз болғандығы жайынан мəлімет ала 
аламыз. Өкінішке орай, «… үй шаруасы деп, дүние-мүлік деп, мұқтаждық деп, … 
жалқауланып, əр нəрсеге қызығып, ықтиярмен жəне ықтиярсыз оразаны бұздық. 
Ораза ұстасақ, қасиетті жазуда көрсетілгендей тұта алмадық» (12-бөлім), – деп 
«Хуастуанифтте» жазылғандай, адамдар дүние қызығы үшін оразаны бұйырылған 
жолмен орындамай, тəрік еткен.
«Хуастуанифт» дұғасы – түркі əдебиеті мен діндер тарихын зерттеуде аса құнды 
жəдігер. Бір қоғамның наным-сенімін, мифтік аңыз-əңгімелерін, діни ұстанымын 
көрсететін бұл мұра əлі де толық зерттеле қойған жоқ. 
«Хуастуанифт» дұғасының мəтінін Л.В.Дмитриеваның құрастыруы бойынша 
көне түркі тілінен Ақжігіт Əлібекұлы аударды.
А. Əлібекұлы
УЕЙНАМА 
Біздің заманымыздың IV ғасырының бастапқы жылдарында сянбилердің Тағбат 
(Табғач) руы қазіргі Қытай Халық Республикасы Сəнши өлкесінің солтүстігі мен Ішкі 
Монғолия аумағында Дəй мемлекетін құрды. Ол кейінірек дейлердің алғашқы Чин 
мемлекетінің басшысы Фу Жян тарапынан жойылды. Фейшұй шайқасынан соң Тағбат 
Гүй деген адам 386 жылы Дəй мемлекетінің шаңырағын қайта көтерді. Кейінірек бұл 
мемлекеттің аты Уей болып өзгерді. Жылнамашылар мұны қытай тарихындағы Уей 
мемлекеттерінен айыру үшін «Солтүстік Уей əулеті», «Соңғы Уей əулеті», «Тағбаттар 
билігіндегі Уей əулеті», «Юандар билігіндегі Уей əулеті» деп атайды. Алғашқыда 
елдің астанасы Пиңчың (қазіргі Сəншидегі Датұң) қаласы болды, 493 жылы Шяууын 
патша астанасын Лояң қаласына көшірді. Елде қытайлану саясаты жүзеге аса бастады. 
Патшалар шыққан Тағбат руы да əулет есімі ретінде қолданыстан қалып, оның орнын 
қытайлық Юан деген иероглифпен атау жолға қойылды. 534 жылы қағанат Шығыс 
Уей жəне Батыс Уей болып екіге бөлінді. Соңғы кездері Шығыс Уей əулетінің орнын 
Солтүстік Чи əулеті, ал Батыс Уей əулетінің орнын Солтүстік Жоу əулеті басты. Тағбат 
Гүй таққа отырған мерзімнен 557 жылы Батыс Уей əулеті құлағанға дейінгі 171 жыл 
ішінде қағанатта 17 патша билік құрды. Ежелгі түркілер ежелгі Уей əулетін Табғач 
12
Құран Кəрім. Қазақша мағына жəне түсінігі. Медине. Мұнаууара, 1991.


 432
433
деп атаған. Орхон ескерткіштерінде Таң империясын Табғач елі деп атау, міне, осы 
табғаттардан қалған үрдіс. Біз ескі қытай тілінің дыбысталу мүмкіндігін ескере оты-
рып, табғач емес, табғат деп атадық. Мұндағы соңғы «т» көптік жалғауын аңғартады, ал 
«б» мен «ғ» дыбысы түркі тілінің сингармонизм заңына бағынып орын ауыстырған.
«Уейнама» (Уейшу) – Солтүстік Уей (386–550) мен Шығыс Уей əулеттерінің 
(534–557) тарихын билік баян, ғұмырнама үлгісінде деректеп беретін жылнама. 
Авторы – Солтүстік Чи əулеті тұсында өмір сүрген тарихшы Уй Шоу (506–572). 
Ол кітапты жазуға 5 жыл (551–554) уақыт жұмсады. Солтүстік Сұң əулеті тұсында 
кітаптың 29 бумасы жоғалып кетті де, Лю Шу, Фəн Зуюй деген адамдар «Солтүстік 
əулеттер тарихы» негізінде толықтырып, оның қазіргі нұсқасын дайындады. Кітап 
жазылған кез Түркі қағанатының жаңа шаңырақ көтерген тұсына тура келетіндіктен, 
мұнда түркілер туралы арнайы баян жазылмаған. Біз аударып отырған бумаларда 
түркілердің əдет-ғұрпына, Түркі ордасының орнына қатысты азын-аулақ мəліметтер 
хатталған, бұнда үйсін, йұрпан, абдал елдері жөнінде мəліметтер де бар. Бұлар қазақ 
тарихын зерттеуде аса маңызды деректер саналады. Жалпы көлемі 130 бума.
«Уейнама» мəтіні «Ұлы Түрік қағанаты» жинағы (Үрімжі, 2006) бойынша 
берілді. 
Ш.Ахметұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет