«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет72/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
КҮНГЕ МАДАҚ
Күнге мадақ – ежелгі түркілердің арғы тегі саналатын сақтардың Күнге сыйынып 
құлшылық еткенін мадақтауға арналған өлең. Адамзат тарихындағы тұңғыш 
пайғамбарлардың бірі, алғашқы діни жəне философиялық танымның негізін қалаған 
Заратуштра (шамамен б.з.б. 630/18 ж. туып, 541/33 ж. қайтыс болған) соңғы ғылыми 
пікірлер бойынша Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі 
Батыс Қазақстан өңірі) киіз туырлықты малшы отбасында дүниеге келген деседі. 
Сақтар елінен шыққан Заратуштра діни уағыздар айтумен айналысқан. Көшпелі жұрт 
оның бұл ісін қабылдамаған. Ел-жұртынан қуғындалған ол Еділ бойынан қашып, 
Бактрия елін (қазіргі Түркіменстан, Ауғанстан аумағы) паналаған.
Заратуштраның діни уағыздары, өлеңмен айтылған дұғалары өзінен кейін бірнеше 
ғасырдан кейін ескі парсы тілінде Иранда қағазға түсіп, «Авеста» атты кітап болып 
құрастырылады. Заратуштраның авторлығына телінген «Күнге мадақ» жырын біз сақтар 
заманында шығарылған туынды ретінде қарастырып, б.з.б. көне түркі поэзиясының 
бір үлгісі ретінде «Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томына енгізіп отырмыз.
Бұл өлең алғаш рет «Екі мың жылдық дала жыры» жинағында жарияланды. 
«Авеста. Избранные гимны» кітабынан (М., 1992) алынған еркін аудармасын белгілі 
ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Əділғазы Қайырбеков жасаған. 
С. Қорабай
АНАХАРСИС
Шамамен б.з.б. 620–555 жылдары өмір сүрген атақты сақ ғұламасы. Геродот пен 
Страбон оны жеті ғұламаның бірі деп санаған. Аристотель өзінің «Никала халық 
этика» атты еңбегінде Анахарсистің ойын-сауық өмірдегі басты мақсат еместігін 
айтқан пікіріне жоғары баға береді. Анахарсис əр түрлі халықтардың ауыз əдебиеті 
мен əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін білу үшін көптеген елдерді аралайды, шешендік 
өнерді үйренеді. Ұстазы Солонның жетекшілігімен философия ілімімен шұғылданады. 
Ғұламаның артында өмір, қоғам жайлы, адамгершілік, имандылық туралы көптеген 
ой-пікірлері мен өлеңдері қалған. 
«Əдеби жəдігерлер» сериясының 1-томында «Менің бар жамылғым» жəне «Сенің 
сенгенің» деп басталатын өлең жолдары белгілі ғалым, филология ғылымдарының 
докторы, профессор М.Мырзахметұлының басшылығымен шыққан «Түркі халықтары 
əдебиеті» хрестоматиясы бойынша беріліп отыр (Түркі халықтарының əдебиеті. 
Хрестоматия. – Түркістан, 2005. 4-б.). Анахарсистің тəмсілдері «Қазақтар» атты кітап 
(Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. 2-т. – А., Қазақ даму 
институты, 1998, 7–8-бб.) бойынша берілді. Анахарсис пен грек ойшылы Солонның 
сөз қағыстыруы Плутархтың еңбегінен алынды (Плутарх. Избранные жизнеописания. 
М.: Правда, 1987. 161-б.).
С. Қорабай
ТОМИРИС
Шамамен б.з.б. 570–520 жылдары өмір сүрген сақтар көсемі. Ишпақайдың 
ұрпағы. Қазақ фольклоры мен əдебиетінің түп-төркіні мен қайнар көзі сақ дəуіріне 
барып тіреледі. Б.з.б. бірінші мыңжылдықта өмір сүрген сақтар мен ғұндардың 
мəдениеті жоғары деңгейге жетіп, металл қорытып, қару-жарақ, сауыт-сайман 
жасау ісінде таңғаларлық жетістіктерге жетті. Олардың төл жазуы, əдеби тілі болды. 
Десек те, сақ, ғұн тайпаларының ең асыл қазыналары болып саналатын рухани 
байлығы – ауыз əдебиеті толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділер түрінде немесе 
тарихшылар қалдырып кеткен деректер бойынша ғана сақталған. Олардың өзі аңызға 
айналған тарихи тұлғалар шеңберінде өрбиді. Осындай аңыз-əпсаналардағы басты 
қаһармандарының бірі – сақ тайпасының патшасы Томирис жайында.
Бұл кезде Парсы еліне Кир (парсы деректерінде «Куруш» деп аталады) өз билігін 
жүргізіп тұрған еді. 558 жылы кішірек қана Парсы елінің билігі қолына тиген Кир 
аз ғана мезгілдің ішінде көрші жатқан төрт ірі мемлекет – Мидия, Лидия, Вавилония 
жəне Египетті басып алады. Енді сақтар жерін өзіне қаратқысы келген Кир айламен 
Томириске құда түседі. 
Бұл жөнінде грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» атты көлемді еңбегінде бүге-
шігесіне дейін баяндайды
1
.
Сан ғасырлардан жеткен Томирис жөніндегі аңыздың шындығына көз жеткізгісі 
келген археологтар Пасаргадтағы Кир патшаның қабірін ашып қарағанда, расында 
да парсы билеушісінің басы жоқ болып шығады. Ежелгі дəуірді зерттеуші ғалымдар 
аңыздың ақиқаттан алшақ еместігіне осылайша куə болады
2
.
А.Əлібекұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет