218
219
күй және күйшілер туралы аңыздар
қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге
Құрманғазы ұлықсат етпейді. өзі домбырасын
алып сол арада бір
күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат
күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбы расын аяқтап
болғанда ғана өзі барып: «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе
туып қалды білем, атын қойдың ба?»—деп сұрайды. Сонда
Құрманғазы
біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбет-
пен:
—Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей,
өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды?
Біздің тұсымызда жа-
ралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына
бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кет-
кен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты—«Ақсақ
киік» депті дейді.
234. «Балқаймақ»
Құрманғазы Жем бойынан қайтып келе жатып бір қараша
үйге түседі. үй жапан далада жалғыз болады. үйдің
қасында бір
саулы інген боздап жүреді. Құрманғазы үйге кіргенде, бір бой-
жеткен қыз ибамен сәлемдеседі. Күйші алыстан келе жатқан
жолаушы екенін, қатты шөлдегенін айтады. Қыз жалма-жан
мосы
ағашын көтеріп, күйе басқан қара шәйнекті асып, от жа-
ғады. Шайы қайнағанша далада жүрген інгенді көс-көстеп ша-
қырып алып, сауады. Інген сүтін құйып қыздың берген шайы
Құрманғазыға аса ұнайды. Шөлдеп
келген жолаушы бір өзі бір
шәйнек еңсереді. Әбден өзіне-өзі келгенсін Құрманғазы қолына
домбырасын алады. Қыз да қонағының тыныға бастағанын
біліп, енді бір таза ауа жұтсын дегендей іргенің көлеңке жағын
түреді. Құрманғазы күй шертеді. Аяқтап болған кезде қызға
қа рап: «Сіздің берген
шайыңыз әншейін шай емес, маған бал-
қаймақтай болды. осы күйімді сізге арнадым. Балдан тәтті шай
бергеніңіз үшін күйдің атын «Балқаймақ» қойдым»,—дейді.
Достарыңызбен бөлісу: