218
күй аңыздар
май, бірден керегенің басындағы домбырасын алып, тартуға
айналды. Бір-екі қаққансын-ақ, домбырасының бұрауының
өзгергенін сезіп:
—Мынаған кім тиген?—деп әке-шешесіне қарайды. олар не
дерін білмей, «жазықты осы болар-ау!» дегендей төр алдындағы
күйшіге қарайды. Ақмаңдай енді қайталап сұрамай домбы-
расын бұрынғы өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақ-
маң дай күйдің аяғына шыққан кезде Құрманғазы қызға қарап:
—Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой!
Домбыраны бері берші!—дейді.
Күтпеген жерден
мұндай әңгіме есіткен Ақмаңдай, екі көзі
күйшіде болып, домбырасын Құрманғазыға қалай ұсынғанын
сезбей де қалады. Кемпір мен шал аң-таң болып, «бұл өреде
Ақмаңдайдың домбыра тартысы жөнінде ешкім бір ауыз сөз ай-
тып көрген жоқ еді, бұл «жер астынан екі құлағы тік шыққан
қандай жік» екен дегендей біріне-бірі қарай береді.
Құрманғазы бір күйді тартып болған кезде үй адамдары
біріне-бірі сыбырлап, бұрын-соңды
бұл айналада Ақмаңдайды
домбырадан сүріндірмей келгендерден емес-ау, тартыс шоқты-
ғы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ қонақты шыра-
мытқандай, баяғы ашудан тыс жылы шыраймен күле қарап:
—Шырағым, домбыра тартысың біздің бұл араның тарты-
сына ұқсамайды. Қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен
соның өзі емеспісің, «аяқ алысың»
әләй екен тым,—дейді.
Құрманғазы мұртынан күліп:
—Болсақ, болармыз,—деген екен.
Енді үй-іші болып қолқалап, Құрманғазыға қайтадан дом-
быра тарттырып, бірнеше күн жатқызып қонақ етіп, сый-құр-
метпен аттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: