214
215
күй және күйшілер туралы аңыздар
Адасқанның өзіне алды жөн де.
Азғырған
біреулердің тіліне еріп,
Құрбыжан тілім тисе, артық көрме.
Қонақ көрген көргенді елдің қызы,
Ауылыңа келген жұртқа «тиістің» неге?»—
дей бергенде Нарынбай сезіп қалып, айдап салып отырған
жігіттерді алдына шақырып алып, қамшының астына алады.
ойынның қызығы бүлінеді. Төремұрат,
Нарынбай, Қызданай
үшеуі Құрманғазыны үш жағынан жұбатып, ақыл айтқанымен,
күйшінің көңіліне бір түйін түсіп, ойынды қалай қыздырамын
дегенімен, бұл кеште Құрманғазы
сырттай ғана жарқылдап,
іші түтін болады. Нарынбайдың ашуынан зәресі ұшып кеткен
Шөкен қыз қаша жөнеліп, енді ойынның қарасын да көре ал-
майды. ойын тараған соң, Құрманғазы жатқан үйіне келіп, кө-
рер таңды көзімен атқызады. Ертеңінде
батырлардың алдында
тағы бір күй тартып, оның атын «Төремұрат—Нарынбай» атай-
ды. Қоштасып, батырлар берген арғымақ атты жетекке алып,
Бөкейге қарай жол тартады.
Достарыңызбен бөлісу: