228
229
күй және күйшілер туралы аңыздар
тозбайтын күй шығарып қайттым!» депті. Сондағы күйі осы
«Көрұғлы» екен.
246. «Көрұғлы»
(IІ нұсқа)
Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл
көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып
отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз.
Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, ру-
хани орталық, өнер жолындағы
өзара ықпал етушілік қашан-
нан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де шет қал-
ма ған. ол түркімен тақырыбына арнап «Нар иген», «Тәштит»,
«Көрұғлы» сияқты күйлер шығарған.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйінің аңыз әңгімесі орта Азия
халықтарының арасында кеңінен тараған әйгілі «Көрұғлы»
дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу
себебі күйші өмірінің бір сәтімен байланыстырла айтылады.
...Бірде, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан,
төсекте басы,
төскейде малы қосылған түрікмен ағайынға Дәулеткерей
қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алды-
нан шығып, абыройлы ел ағасының олжасын қызықтамақ
ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей:
«уа, ағайын, сөзіме құлақ сал!—депті.—Түркімен ағайынның
көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, «өледі»
деп алма-
дым, дүние беріп еді, «тозады» деп алмадым. Бірақ құр қол
қайт қаным жоқ. осы сапардың бір белгісі болсын деп, өлмей-
тін, тозбайтын күй шығарып қайттым!»—деген екен.
Сондағысы, осы «Көрұғлы» күйі еді дейді.
Достарыңызбен бөлісу: