234
күй аңыздар
253. «Молқоңыр және Майдақоңыр»
Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене
салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере
алады екен. Соның бірі—жал-құйрығы мол, денесі соған лайық
қоңыр аты болған екен.
Бұл қоңыр ат өрге келсе, қайыспайтын,
еңіске келсе, қолтауламайтын ат екен.
Тағы бірі—Майдақоңыр деген аты болыпты. ол жүргенде
шыныға құйған су шайқалмайтын майда жүрісті ат екен. Бұл
күйлерді Заманбек топ ортасында көп шертіп,
содан ел ішіне
кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: