230
күй аңыздар
жытып сайрай жөнеледі. Бұлбұлдың
сан құбылтып сайраған
әсем үніне еліткен бұлар алатын отындарын ұмытып, әуенге
қызыға тыңдап отырып қалады. Әлден уақытта Қасымбай:
—Шіркін, мына бұлбұл дауысының жағымдысын-ай. үнін
домбыраға салып алар ма еді? Түсіре аласың ба?—деп
сұрайды
Қожекеден.
—Домбыра болғанда, түсірмей несі бар?—дейді Қожеке.
—ондай болса, домбыраны мен жасап берейін,—деп,
Қасым-
бай орманнан қураған қарағай ала қайтады да, үйіне келген соң
домбыра шауып жасайды. Қураған қарағайдан қақпақ салады.
Тау ешкісінің ішегінен ішек есіп тағады. Қожеке сол домбы ра-
ны
қолына алғанда, көкейіне таңдағы сайраған бұлбұл торғай-
дың құйқылжыған үні оралыпты.
248. «Қамбархан»
Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан
деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған
аңын
сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жібер-
се, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты.
Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жат-
са, құлағына
ерекше бір жағымды әуен, құйқылжыған үн,
үзілмейтін сарын естіледі. Жан-жағына қараса, бір бұтақтан
бір бұтаққа керіліп қалған қос ішекті көреді.
Жел соқса,
ішек ызыңдап қоя береді екен. Қамбархан әлгі ағашты кесіп
алып, шауып, жонып, домбыра жасапты да, күй шертіпті.
Қамбарханның бұл жаңалығы бүкіл қазаққа аңыз болып тара-
лыпты.
осы аңыз желісіне Қожеке «Қамбархан» атты күй шығарған.
оның бізге бірнеше нұсқасы жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: