352
353
ғылыми қосымшалар
Боғда /лақап аты, шамамен 1765-1845/—күйші, компози-
тор. Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы. оның күй-
лері Ақтөбе, орал, Маңғыстау өңіріне кеңінен таралған. Боғда
Абыл, Соқыр Есжанның күйлерін
шебер орындаумен қатар,
«Алпыс екі Ақжелеңді» түгел тарта білген күйші. ол исатай
бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбетпен жақсы
қарым-қатынаста болған. Боғданың кең тараған «Боз төбе»,
«Жем суының тасқыны», «Екіндіде ел іздеген», «Боғда», «Қара
жаяу» күйлері—терең философиялық ойға толы лирикалық
толғаулар.
Бөгенбай /шамамен 1680-1778/—атақты қазақ батыры. Ба-
тыс Сібірдегі Шетқурай деген жерде дүниеге келген. орта жүз—
арғынның қанжығалы руынан шыққан. Әз-Тәуке заманында
қазақ,
қарақалпақ, ноғайдың біріккен әскерлерін басқарып,
1668 жылы ордабасы сайланған. Бөгенбай қазақ жерін жоңғар
басқыншыларынан азат ету жолындағы бірқатар шайқастар ды
басынан кешіріп, Сібір татарларын Еділ бойы қалмақтары ның
шапқыншылығынан қорғауда үлкен үлес қосқан. 1688 жы лы
қалмақтардың
шабуылына тойтарыс беріп, өзі осы соғыста жа-
раланады. Батыр алғырлығымен, жеңімпаздығымен көзге түс-
кенде Абылай хан оған «хан» атағын да береді. Қазақ әскерінің
тарихындағы даңқты қолбасшылардың бірі.
Бөрте /1154-1230/31/—Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңы-
рат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішін-
дегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы
Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып,
ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады.
Көп
ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қа лып, көп-
теген қиыншылықтарды бастан өткізеді. Тек ержеткеннен
кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып
қай тады. осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер ша буыл
жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді.
Темірші әке сінің
андасы керей хандығының ханы Тұғырыл (уән хан) мен жа жи-
рат руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөр тені
босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелінен көптеген
бала тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған төрт ұлын
өз мұрагерлері ретінде таныған.
Бұқар жырау /1693-1787/—әйгілі қазақ жырауы, Абы-
лай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие»
23-136
354
күй аңыздар
деп те атаған.
Абылай ханды сынай отырып, оның көргендігі
мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола
білгенін тебірене жырлайды.
Бұқар жыраудың Абылай ханға,
Бөгенбай, Қабанбай, олжабай батырларға шығарған арнау-
лары, насихат жырлары ел есінде сақталып қалған.
Достарыңызбен бөлісу: