360
361
ғылыми қосымшалар
Қаракесек—орта жүз—арғын тайпасының бір руы. Ше-
жіре деректеріне қарағанда, Қаракесек Арғын тайпасының
«Бес мейрам» атанатын рулар бірлестігіне кіреді,
яғни Мей-
рам сопының кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа деген
баласынан тарайтын ру. Қаракесектен Майқы, Бошан, Танас
тарайды. Қаракесектің рулық ұраны мен таңбасы Арғын тайпа-
сымен бірдей болғанымен, өздері
Арғын ішінде Болатқожа ның
шешесі—Қарқабат атын ұран еткен.
Қарашаш—қазақтың Жиренше шешенге байланысты аңыз-
дарының кейіпкері. Жиреншенің әйелі Қарашаш туралы ерте-
гілердің сюжеттері, көбінесе, шешендік жұмбақтар сарыны
негізінде құрылған. Қазақ фольклорында «Қарашаш»
деген ат-
пен әйгілі болған тиіптік бейненің қалыптасу тарихы өте ұзақ.
ол шешендік, тапқырлық, даналық туралы ертегі, аңыздардың
пайда болу, қалыптасу, даму тарихымен тығыз байланысты.
Қожеке Назарұлы /1828-1881/—күйші, сазгер.
Қазіргі Ал-
маты облысы, райымбек ауданы, Қарқара ауылында туылып,
ҚХр, Іле Қазақ автономиялы облысы, Қызылкүрке деген жер-
де қайтыс болған. Қожеке Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері
мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп,
өрнегі өз геше шы-
ғармалар тудырған. оның туындыларында төкпе, шерт пе, терме
күйлердің белгілері араласып, айырықша мә нер мен тартыла ды.
Ерекше күш-қайратты танытатын, жігерлі күйлер жүрек қы-
лын шертетін нәзік те, сырлы сазға ұласып отырады. 1860 жылы
ресей
отаршылдары Жетісудың Сарыжаз, Текес, Қарқара сияқ -
ты жайлауларын зорлықпен тартып алғанын көрген Қожеке,
қа
зақ би-болыстарының отаршылдық озбырлығына көнбіс,
тоқ мейіл, жігерсіздігін әшкерлеп, «Шалқайма» күйін шығар-
ған. осы күйі үшін патша
әкімдерінен теперіш көріп, ақыры
өзіне қарасты 25 үймен Шығыс Түркістанға қоныс аударған.
Бі рақ мұнда да жергілікті билеушілер жағынан құғынға ұшы-
рап, тұтқынға алынып, түрмеге жабылады да, азаптап өлтірі-
леді. оның «Қамбар хан», «Жиренше», «Стамбұл», «Мұңлық»,
«Біржан мен Сара», «Көрұғылы сұлтан» т.б. күйлерін атауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: