56
57
халық күйлерінің аңыздары
Бұл сөз сорлы кемпір-шалдың қайғысын ауырлата түсіпті.
Қыздарын бейсауат біреуге қолынан жетелете салғанға шыда-
мапты. Зерделі қыз әке-шешесінің ойын аңғарып:
—Тағдыр
басқа салса, мақұлмын,—деп шалға күй шерттір-
ген екен. үй ішінен бебеулеген күй үнін естіген даладағы қара
нар орнынан тұрыпты. Қыз ыдыс-аяқ жақтағы шелекті ала
жүріп, шалға лесіп келген жігітке ым қағады. ол тысқа шықса,
қара нар рас иіген екен. Қыз нардың қос емшегін тас қып қысып
тұрып, ере шыққан жігітке өз жүрек сырын жанарынан төк кен
жаспен аңғартып, өзіне көмек сұрапты.
Шалға қор болып ба ра
жатқанына қорланып, жалын атқан жүрегі өзіне үміт ар тып
тұрғанын аңғарған жігіт шапшаң басып үйге кіреді де, шын
жүрегі өзі деп тұрған қыз көңілінің кілті болған зарлы, мұңлы
бір күйді шертеді. Сонда қыз шелегіне сүт бұлақ болып ағады.
Қыздың көз жасы да тоқтаусыз сорғалайды. осы кезде кем пір-
шал да риза болып қызын жігітке атап, ақ батасын берген екен.
«Нар идірген» сондағы жігіт шерткен күй дейді.
44. «Нар идірген»
(ІV нұсқа)
Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз түйесі болыпты.
Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өліпті.
Ботасыз
қалған жануар иімей, желіні сыздап, күңірене боздай-
ды. Бұл жағдай кедейдің жанына қатты батады. Қарт жалғыз
қызымен ақылдасады. Сонда қызы әкесіне:
—Сіз елге хабар салыңыз? Кімде-кім осы маяны иітсе, сол
кісіге мен тұрмысқа шығамын,—депті. Мұны естіген адам-
дар, түйені домбыраның күйімен ғана иітуге болатынын әңгіме
етеді. Талай домбырашылар маяны иітуге келеді,
бірақ мая иі-
мейді. Нардың оқиғасы сол өңірге тегіс тарайды. Хабар жеткен
жердегі домбырашылар қыздан үміткер болып, өздерінің өнер
күштерін сынамақшы оймен жан-жақтан келе береді. осындай
топтың ішінде түрліше жастағы домбырашылар болады.
Шарт бойынша, маяны кім иітсе, қыз сол кісіге тұрмысқа
шығуы керек. Қыз маяны құдықтың басына әкеліп, бұйдасын
мойнына іледі де,
шелегін қолына алып, саууға даяр тұрады.
үш домбырашы келісіп, бірінші кезекті жасы үлкен шалға
береді. Шал домбыраның үнін түйенің боздағанындай күңі-
58
күй аңыздар
рен те тартқанда, маяның алпыс екі тамыры шымырлап иій бас-
тайды. Мұны сезген қыз нардың емшегін қатты қысып тұра бе-
реді де, ортасынан аса бергенде:
—иімеді! Домбыраны келесіге беріңіз,—дейді қыз шалға.
Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Сөйтіп,
шалдың тартқан күйі «Нар идірген» өмірге осылай келулі.
Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады.
Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін, күй біраз
тартылғаннан кейін маяның емшегін босатып сауа беріпті. Сөй-
тіп, қызды жігіт алатын болады.
үшінші домбырашы балаға кезек жетпейді. Бұған қатты
қапаланған бала, қыздан айырылған өкінішіне арнап «Күйдім,
жандым» деген күй тартыпты.
осылайша, үш домбырашы күйлерін тартып болғаннан соң,
өзі өнеріне сенімі мол шал қызға қарап:
—Шырағым!
Маяны иіткен мен едім, сіз зорлық жасап
отыр сыз. Егер осы айтқанымды бекер десеңіз, біз әлгіде тарт қан
күйлерімізді тартып үшеуміз үш бағытқа кетелік. осы тұр ған
жануар кімге «ботам» деп еміреніп ерер екен,—дейді.
Қыз маяны иіткен кім екенін біле тұрса да, шалдың талабын
орындауға мәжбүр болады.
Айтқандай-ақ, мая шалдың арты-
нан қалмай, шапанын иіскелеп ере беріпті. Мұны көрген халық
маяны кім иіткенін біледі. Бұл жағдайды жұртшылық тегіс
көрген соң шал қайта келіп қызға:
—Қарағым, бұдан былай өтірікке үйір болма, қалаған қо са-
ғыңмен бірге қартай,—деп шын батасын беріп, қызды жігітке
қосып кетіпті.
Халық күйі «Нар идірген», немесе, кейбір жерлерде «өрелі
мая» деп аталатын күйдің шығу тарихы осылай болған.
Достарыңызбен бөлісу: