360
күй аңыздар
Қазанғап Тілепбергенұлы /1854-1921/—күйші-композитор.
Арал аймағындағы Құланды түбегінің тумасы. Шығармалары
Батыс Қазақстан аймағындағы төкпе күй дәстүрінде көрінген.
Бірақ күйшінің өзіне ғана тән көркемдік-образдық,
музыка лық
суреткерлік өрнектері де айқын. оның сексеннен астам күйі
болған. олардың алды ноғайлы дәуірінің оқиғаларын тол ғаса,
енді бір тобы «Ақжелең» (І-ІІ түрі), «Күй шақырған Ақ желең»,
«Домалатпай Ақжелең», «орынбай-Ақжелең», «Тен
тек Ақ-
желең», «Бұраң бел Ақжелең» (І-ІІ түрлері), «Кербез Ақ же-
лең», «Серпер Ақжелең», «Бұлбұл Ақжелең» болып ке леді. Бұл
Ақжелеңдер—Батыс Қазақстан аймағындағы күй ші лік
өнер ге
тән образдық әлем. Қазанғаптың басқа да «Кө кіл», «ыс қыр ма»,
«Қиту-қиту», «Қайт-қайт», «Торы жорғаның бө ге лек қақ пайы»,
Шымырауыл құс» т.б. күйлері ел ішіне кең тараған.
Қазтуған Сүйінішұлы /XV ғ./—даңқты ноғай-қазақ жы-
рауы. Көшпелі Ноғай ордасының биі һәм батыры ретінде та-
нылатын оның бірнеше айшықты
тұлғалары ел жадында
сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетті. Жырау шығармашылығы ту-
ралы М.Мағауин, Қ.Сыдиықұлы тәрізді қазақ ғалымдары ның
зерттеулерінде
жан-жақты сөз болып, есімі әдебиет тари хы-
нан лайықты орын алды. Қарға бойлы Қазтуған—«Қырым ның
қырық батыры» желілі жырларының жеке қаһарманы.
Қазтуған шығармаларынан қазіргі кезге «Бұдырайған екі
шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір»
деп аталатын үш толғау ғана жеткен. Бұл аталған жырлар қа зақ
әдебиетінде өзінің мазмұны мен көркемдік
сипаттары жағы нан
ғана емес, сыртқы түзілім, құрылыс тұрғысынан да ерек ше да-
раланады.
Достарыңызбен бөлісу: