368
күй аңыздар
және М.Тынышбаевтың пайымдауы бойынша, Тамадан—Қа-
рабура, одан—Нәрік, Нәріктен—Шора батыр, Шорадан—Шот-
қара, ал Шотқарадан—Есенгелді, Жөгі, Жабал өрбиді.
Тарақты—орта жүз құрамындағы тайпа. Тарақты ежел-
гі одақтар мен мемлекеттердің құрамына енуі жайында әде-
биетте деректер кездеспейді. оның
шығу тегі жөнінде қазақ
шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша, ақ-
жолдан қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, тарақты,
уақ, тарақтыдан апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші (жасши), әлі,
сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке,
көгедей болып он
екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны
арғын тайпасына жатқызады. Тарақты Қазан төңкерісіне дейін
орталық Қазақстанның Ақтау, Қызылтау, ортау мекенде-
рін, Жоғарғы Сарысу,
Көктің көлі, Есіл, Нұра өзендерінің
бойын мекендеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес-
те Тарақтының Наймантай, Байғозы батырларының есімдері
аңызға айналған. Бетпақдаланың Арқа жақ шетінде, Шажа ғай
өзенінің бойында Тарақты Алтыбай батырға ескерткіш-күм без
соғылған. ұраны—Жауғашар, Байғозы, тарақ таңбалы.
Достарыңызбен бөлісу: