364
365
ғылыми қосымшалар
осының негізінде 13 ғасырдың ортасында әскери-саяси иелік-
тер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды.
Рүстем төре, Рүстем, Тентек төре — қазақ сұлтаны.
1821 жылғы Қоқан хандығының езгісіне қарсы Түркістан,
Әулиеата, Шымкент және Сайрам қалаларының аумағын
қамтыған көтеріліске жетекшілік етті. ол қақандықтармен
бол
ған ұрыста күштің
тең болмауы себепті жеңіліп, қо
қан-
дықтармен ымыраға келеді, алайда Саржан төре бастаған ұлт-
азаттық көтеріліске қолдау білдірді. рүстем төре ұлы жүз
қазақтарының арасына көшіп келіп, Түрген өзені бойынан
бекініс салдырады. осы жылы өзіне қарасты билермен бірге
Құдайберді
дуанбегі жіберген, қоқандықтардың 56 зекетшісін
қырып салғаннан кейін Қарқара жаққа өтіп кетті. Шоқан
уәлихановтың көрсетуінше, ол Құлжа маңын қыстаған. Ке-
несары Қасымұлының Жетісуға келгенін қолдағанымен, қыр-
ғыздармен болған соғысын құптамады.
Салжұқ—түркі-оғыз тайпасының бір тармағы. Құрамына
қынық тайпасы басшылығындағы әртүрлі
оғыз тайпалары
кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен атал-
ған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ
сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар қазіргі
түрік, түрімен, әзербайжан т.б. түркі халықтарының ұлт
ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Саржан Қасымұлы /т.ж.б.—1836/—қазақ халқының 1825-
1836 жылдардағы ұлт-азаттық
көтерілісі басшыларының бірі,
Абылай ханның немересі. орта жүзде хандық биліктің жойы-
луына тақ мұрагері Ғұбайдолла уәлиұлы және әкесі Қасым
сұлтанмен бірге қарсылық танытып, ресей өкіметі жағынан
ашылған
округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді
талап етті. оның осы мақсаттағы көтерілісі он жылға со-
зылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржан-
ды зұлымдықпен өлтірді. оның бастаған ісін інісі Кенесары
жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: