370
күй аңыздар
жұртына кетуге мәжбүр болған. Түрікпен аламандарымен
соғысып, Күйкен тауы маңында қаза тапқан.
Уақ—орта жүз құрамына кіретін тайпа.
Шежіре деректе-
рінде уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен
оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. уақтың шығу
тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан мен
Н.Мыңжани IX-XIII ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген он-
гуттарды уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен А.левшин
оларды қазақ хандығына XVI-XVII ғасырларда ғана қосылды
деп санаған. Ал Ш.уәлиханов Ер Көкше, Ер
Қосай батырлар
арқылы уақтар Алтын орда ыдыраған кезден бастап көріне ба-
стады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша, уақ керей
тайпасымен туыстас. уақтың алғашқы атамекені Қазақстанның
оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы болса керек.
Шағатай /1183/85-1241/—Шыңғыс
ханның Бөртеден ту-
ған екінші ұлы. Аса ержүрек батыр және қайсар мінезді адам
болған. 1211-1216 жылдары әкесінің Солтүстік Қытайға қарсы
жасаған жорығына ағасы Жошы, інісі үгедеймен бірге аттан-
ды. Хорезм жорығына аттанар
алдында келешек мұрагер ту-
ралы сөз болып, Шыңғыс хан Жошы туралы пікірін сұрағанда
дөрекі жауап беріп, ағасы мен ата-анасының көңіліне қаяу
салады. осы оқиғадан кейін Жошы мен Шағатай,
кейіннен
екеуінің ұрпақтары арасында бітіспес алауыздық пайда бола-
ды. үгедейдің билігі тұсында империя өмірінде Шағатайдың
рөлі күшті болды. Інісі онымен үнемі ақылдасып отырды.
1235 жылы Қарақорымдағы ұлы құрылтайда Батысқа жорық
жасауды қолдап, Батудың рус пен Шығыс Еуропаға жасаған
жорығына ұлы Байдар мен немересі Бүриді аттандырады.
Шағатай қоңыраттың қызы Есенунды,
кейіннен оның сіңілісі
Турьханды әйелдікке алды. Шағатай өз ажалынан қайтыс бо-
лып, Әмудария бойына жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: