62
63
халық күйлерінің аңыздары
52. «Жетім қыз»
(І нұсқа)
Ертеде бір өзеннің жағасында жетім
қыз бен бала болып-
ты. ол қыз қайықты жақсы еседі екен. Сол маңдағы балалар
бұларға келіп қайықпен ойнап серуендейді екен. Бір күні қыз
таудан жүзім жинауға кеткенде үйде қалған бала апасының
жоғын пайдаланып қайыққа мініп жүзеді.
Бірақ ол қайықты
есе білмейтін. ойламаған жерден қатты дауыл жел тұрып қайық
үлкен толқынның арасында аударылады, бала суға кетеді. Жа-
нында қалған жалғыз інісінің суға
кетіп өлгенін естіген қыз
зарлап жылайды.
53. «Жетім қыз»
(ІІ нұсқа)
Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні
көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз сала-
ды екен. Сонда қыз:
—Мен—әке-шешесі жоқ жетім қызбын,—деп
қана жауап
береді екен.
Мына сөзді естігендер: «ой, жетім екен ғой!»—деп ынтықтық
райынан айнып, қайтып кете береді екен.
Сондағы қыздың:
—оу,
жетім қыз, жетім қыз,
Көрген жанды ынтықтырды бетің, қыз.
Әкесі
жоқ жетім қыздың
Кәдесі жоқ.
Шешесі жоқ жетім қыздың
Некесі жоқ.
Ағасы жоқ жетім қыздың
Бағасы жоқ.
Інісі жоқ жетім қыздың
Тынысы жоқ.
өз-өзіңмен жетіл, қыз,
Сүйгеніңмен кетіл, қыз!—
деп мұңайып, арман қып тартқаны екен...