62
күй аңыздар
пандарынан айырылып сұңқылдап, тынымсыз ұшып жүрген
жалғыз аққуды көреді.
—Бұл дүниеде ұшқан құс, жүгірген аңның бәрі де мұңды,
бәрі де зарлы екен ғой,—деп әлгі күйші жігіт аққудың зарын
күйге қосып тартқан екен...
50. «Қоңыр бұқа»
Халық аңызында ерте уақытта
бір ауылдың өзен жағасында
жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол
сиырлардың арасында көк бұқа болады. Сол көк бұқа жанына
ешкімді жолатпайтын сүзеген болады. Сондықтан да ішінде осы
бұқа жүрген бір қора сиыр бойлай басқа малдардан бөлек жайы-
лады екен. Бір күні жем іздеп ашыққан қасқырлар осы бір қора
сиырға шабуыл жасайды. Көк
бұқа қасқырлармен арпалысып,
әзірге ауылдан кісілер келгенше бірде-бір сиырды қасқырларға
жегізбей қорғайды. Міне, көк бұқа тынышсыздана бастайды
да, басын қорқынышты көтеріп алып,
ауыл жаққа қарап, ауа-
ны иіскелейді. өз үйірін еш уақытта ауылдан еш адам іздеп
келмейтінін сезген көк бұқа үйірін туған ауылына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: