66
күй аңыздар
астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір
ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан
жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің
көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады. Мыс-
тан кемпір өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес,
құлақ
естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың
басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді.
Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып,
қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда,
бәйтерек
те өсуін доғарады.
Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік-өкпеге шыдамаған патшаның
қызы егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы
қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар,
жылаумен жылдар өтеді.
Қатты шаршап, діңкесі қатқан қыз әбден қурап,
қабығы
түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды.
ұйықтап кеткен соң, оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оята-
ды. Құлақ түріп, тың тыңдаса, «ән салып» тұрған қасындағы
биік ағаш екен. Қыз күндіз қос бүлдіршінін іздеп, түнде осы
«әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл
жұбатып, тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басы-
на шығамын деп оны құлатып алады.
Бірақ көп ұзамай са-
мал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның
құпясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басы-
на дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан
бұтаққа ке рі ліп қалған ішектерді көреді. Бұл—қыздың екі
баласынан қал ған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бос-
тау, ал шығыс жа ғын дағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің
өлімінен
хабары жоқ қыз, енді ағаш неге ән салатынын
түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті
соған тағады. Шертіп көрсе, үні жүрегіне жақын, жаны-
на жайлы естіледі. Қыз бай ғұс бостау тартылған ішекке үні
мұңды
шығатындықтан, «ұлым
—
Мұң
лық», ал ащы, тым
зарлы шығатындықтан, қатты тартыл
ған ішекке «қызым
- Зарлық» деп ат қойып, күндіз-түні қолы нан тастамай күй
шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен...