«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет38/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

65. «Бесік күй» 
Бір күйші-батыр жортып келе жатса, алдынан жау шауып 
кеткен жұрттан жалғыз қараша үй шығады. Әлгі үйге жа қын-
даса, іңгәлап шырылдап жатқан баланың үні естіледі. Жақын 
келіп үйге кірсе, бесікті құшақтаған күйі бір әйел өліп жатыр 
екен. Анасын жерлеп болғанша бесіктегі бала шырылдап жы-
лауын қоймайды. Сонда күйші-батыр айдалада жалғыз қалған 
бесіктегі баланы тербетіп тартқан күйі екен... 
66. «Сарбарпы бұлбұл» 
(І нұсқа)
Сарбарпы—адамның құсқа айналған түрі екен дейді. Баяғы-
да елден асқан оқымысты адам болыпты. Көктің де, жер дің де, 
судың да, оттың да, құстың да құпиясын біліпті. Бірақ адам-
затқа ешбір пайда келтірмепті. Сондықтан Алла тағала оны 
құсқа айналдырып жіберіпті. 
66. «Сарбарпы бұлбұл» 
(ІІ нұсқа)
Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. өте 
сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқ-
тап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін—
сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан 
атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбар пы 
енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су жылан тыныш-
тық бермепті. Көкте қырғи, жерде жылан тұқымын құрта бер-
ген соң зар еңірей сайрапты. оның сайрағанын су тартылып
күн тұтылып, тау шайқалып, дауыл көтеріліпті. Бірақ ешбір 
аң немесе құс жәрдем жасамапты. Сонда бір аңшы көріп, естіп, 


72
күй аңыздар
Сарбарпы бұлбұлды әлгі озбырлықтан құтқарыпты. өзінің 
үйіне әкеліп, төрінде бағыпты. Содан бастап Сарбарпы бұлбұл 
адамның айнымас досы, жыршы құсы болыпты... 
67. «Нұрғазарын бұлбұл» 
Баяғыда Махмұд деген елден асқан әділетті патша болып-
ты. оның Асан, үсен, Хасан деген үш ұлы бар екен. Күндердің 
күнінде Махмұд түс көреді, түсінде ғажайып құс көреді. Әлгі құс 
жер мен көктің ортасы, көк перілер шаһарында, тордың ішінде 
тұрады. Соны қолына түсіруді армандап, күндіз күлкіден, түнде 
ұйқыдан айрылады. Тіпті, тағынан безіп, көшедегі күлге аунап 
жатып қалады. Содан Асан мен үсен әке арманын орындап ке-
луге жолға шығады. 
Ең кішісі Хасан да сұранады. Әкесі әрең жібереді. Хасан екі 
ағасын қуып жетеді. үшеуі келе жатып үш айрыққа тап болады. 
Сол жерде тас бар екен, тастағы жазуда бірінші жол—«барса ке-
лер», екінші жол—«келер-келмес», үшінші жол—«барса кел-
мес» деп жазылыпты. Хасан жасы кіші болғандықтан үшінші 
жолға түсіпті. 
Әуелі гүлбаһрам перінің шаһарына келеді. Мыстан кемпір 
бар екен, ол Хасанды киікке айналдырып жібереді, бірақ гүл-
баһрам оны қайта адамға айналдырып, өзі ғашық болып елу 
күн, елу түн бірге болады да, Хасанды қимай жолға салады. 
Жылдар жүріп биік таудың басына шыққанда, алып ағаш 
кезігеді. Ағаш басында екі басты Самұрық құстың ұясы бар екен
ұяда балапандары жатады. Сол ұяның астында дем алып жат са, 
жеті басты айдаһар өрмелеп келе жатады. Хасан қорықпай же ті 
басты жеті жаққа ұшырып, тыныш демала береді. Әлден уақ та 
күн тұтылып, дауыл тұрып, ағаш ырғалады. Сөйтсе, Самұ рық 
ұшып келіп қонған екен. Хасанды көріп өлтірейін дегенде, ба-
лапандары араша болады. 
—Сен жоқта бізді жеті басты айдаһар жеп кетуші еді, оны 
өлтірген сол адам,—дейді. 
Самұрық Хасанды қасына алады. Жөн сұрасады. Мән-жай-
ды білген соң: 
—Е... е, Хасан, жолың ұзақ. Жеті дарияның ар жағында, 
көк перісі—Ғайнижамалдың шаһарында ол құс. Пері, жын, 
диюдың бәрі сонда. олар тек адам етімен қоректенеді. Сен оған 


72
73
халық күйлерінің аңыздары
бара алмайсың, барғанмен аман оралмайсың, кері қайт,—
дейді. 
Хасан көнбейді. Амал жоқ, Самұрық жетпіс киіктің етін 
алып, жетпіс мес су алып, арқасына Хасанды мінгізіп, жеті да-
рияның ар жағына қарай ұшты дейді. Әр дариядан он күнде 
өтеді екен. Самұрық күніне бір киіктің етін жеп, бір мес суды 
ішеді екен. Ең соңғы күні Хасан киік етін түсіріп алады да, өз 
санынан ет кесіп береді. 
Жетпісінші күні Ғайнижамал перінің шаһарына жетеді. 
Келсе, перілердің бәрі ұйқыда екен. Ғайнижамал да ұйқыда. 
Тек Нұрғазарын бұлбұл ғана ояу. Күлсе, көмейінен гүл төгіледі 
екен. Хасан жөнін айтып зарлайды. Нұрғазарынға: 
—Жүрші әкеме, әкем сенсіз өлетін болды, мен әкемнің ал-
дындағы перзенттік парызымды өтеу үшін сонша азаптан өтіп 
келдім, сөзімді жерге тастай көрме,—дейді. 
Нұрғазарын бұлбұл адамша сайрағанда тілінен бал тама-
ды екен, ақылы адамзаттан артық екен, тек денесі құс екен. 
онда да басы лағыл, көзі алтын, кеудесі күміс, қанаты жауһар, 
құйрығы зүбәржат, әр қауырсыны күн нұрымен шағылысып, 
көздің жауын алады екен. 
Хасанға айтады: 
—Жарайды. Сен маған ұнадың. Тек менің айтқанымды 
орын да. Әуелі ұйықтап жатқанда Ғайнижамалға қосыл. Мен 
некелеріңді қиямын. өз жүзігіңді оған сал, оның жүзігін өзіңе 
сал,—дейді. 
Хасан айтқанын істеді. Нұрғазарынды алып Самұрыққа кел-
ді. Самұрық Хасанға айтты: 
—Алпыс тоғызыншы күні сен соңғы киікті түсіріп алдың. 
Сонда маған ненің етін бердің? Сондай тәтті, сондай қуатты 
болды,—деді. 
Хасан айтты: 
—өз санымнан кесіп бердім,—деді. 
Самұрық екеуін алып ұшты. ұясына әкелді. Келген соң: 
—Сен маған жақсы дос болдың. өз етіңді кесіп бердің. Мен 
саған бір қанатымды беремін. осыған мініп еліңе жетесің,—деді. 
Хасан Нұрғазарынды алып ұшты. Жер перісі гүлбаһрамға 
келді. гүлбаһрам жақсылап қарсы алды. Бір оқ берді. 
—осы оқпен сені киікке айналдырған мыстан періні атып 
өлтіріп кел, әйтпесе кете алмаймыз,—деді. 


74
күй аңыздар
Хасан барып Мыстан кемпірді көздемей атты, оқ өзі қуалап 
жүріп зәлімнің табанынан кіріп, миынан бір-ақ шықты. Сөйтіп, 
өлді. гүлбаһрам далада жүрген киіктердің бәрін адамға айнал-
дырып, тіл бітірді. Бәрін де әлгі мыстан оқып тастаған екен. 
Бәрі де батыр екен. Хасанға ерді. Қалың қол болды. Еліне тарт-
ты. Жолда азып-тозып жүрген екі ағасын көрді. Азаптан құт-
қар ды. Бірақ жолда Асан мен үсен арамдық ойлады. Хасанды 
құ дық қа құлатып, таспен басып кете барды. 
Елге келгенде бір күнде аспаннан адам жауды. Сөйтсе, 
Ғайнижамал мен оның пері, дию, жындары екен. Махмұдқа 
жо лықты. «Нұрғазарынды ұрлаған адамды көрсет» деді. үсенді 
ша қырды. 
—Сен қалай алдың Нұрғазарынды?—деді Ғайни пері. үсен 
айтты: 
—Атпен барып едім, сіздер түгел ұйықтап жатыр екенсіңдер, 
ала қаштым,—деді. 
Асанды шақырды: 
—Желмаямен барсам, перілер ұйықтап жатыр екен. Ала 
қаштым,—деді. 
Ғайнижамал сенбеді. Нұрғазарын бұлбұлға «сайра» деді. Бұл 
құстың адамша сөйлейтінін үсен мен Асан білмеді. Нұрғаза рын 
барлық оқиғаны бастан аяқ сайрап берді. 
Ғайнижамал үсен мен Асанның басын алды. өзінің Мах мұд 
патшаға келін болғанын біліп ұялды. Бір күннің ішінде Хасан-
ды алып келтірді. 
оң жағында жер перісі гүлбаһрам, сол жағында көк перісі 
Ғайнижамал, екеуін де қатын қылған Хасан көп кешікпей әкесі 
ұсынған таққа отырып, әділ патша болды. 
Аңыздағы Хасанның ақыл-парасатына тамсанған күйші, 
«ұл туса, Хасандай боп тусын» деп осы күйді тартыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет