«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет39/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

68. «Жалғыз көзді әулие» 
Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау 
барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып 
жүргенде, бір әйел жолығыпты: 
—Бай-еке, жылқыларыңның жартысын берсең, мен ма лың-
ды түгел қайтарып әкелем,—деген екен. Бай бұл талапты қабыл 
алыпты. 


74
75
халық күйлерінің аңыздары
Ал әйелдің сондағы күйеуі жалғыз көзді әулие екен. Соның 
жалғыз қара айғыры болыпты. Күйеуін сол қара айғырына 
мінгізіп, алдына үлкен қарағайды бүрімен өңгертіп, арқанмен 
таңып, жаудың кеткен ізімен жетелей жөнеліпті. 
Жылқыларды айдап бара жатқан жаудың шеті көрінген-
де, әйел қара айғырдың жүгенін сыпырып қоя берген екен. 
Жылқыларды көрген қара айғыр жауға қарай кісіней азынап 
шаба жөнеледі. 
Қара айғырдың шабысы арқасын қоздырған, делебесін 
оятқан жалғыз көзді әулие қаһарланып жауға жете бергенде
«Тоқта! Тоқта деймін!» деп айғай салыпты. 
Азынап шапқан қара айғырды, үстіндегі алпамсадай жал-
ғыз көзді әулиені, алдына өңгеріп алған дәу қарағайды көрген 
жау «бір сұмдық келе жатыр екен» деп, айдаған жылқыларын 
тастай салып, жан-жаққа қашып кетіпті. 
Жалғыз көзді әулие болса, жауды жеңіп, аман-есен аулына 
қарай қуана шауыпты. 
69. «Бөкен жарғақ»
(ІІ нұсқа)
Баяғыда бір елге оба тарап, оның үстіне ақ сүйек жұт болып, 
ел түгел қырылып, тек бір жігіт қарындасымен ғана аман қал-
ған екен. Жігіт аң аулап, қарындасы екеуі аңның терісін киіп, 
етін азық етіп күнелтіп жүріпті. 
Шіліңгір шілденің бір күнінде ыстықтамас үшін бөкен те-
рісінен киген киімнің жүнін сыртына қаратып киіп алған жігіт 
күндегі бөкен аулайтын бөкен жалаққа тартыпты. ол Бөкен 
жалақтың маңына таяп барып бөкен аңдып бүк түсіп жатады. 
осы кезде тағы бір аңшы жігіт бөкен ауламақ болып осы 
маңайға келеді де, бүк түсіп жатқан бөкенді көріп атып қала ды. 
Аңшы жігіт оны бауыздап алмақ болып жүгіріп жетіп кел се
бөкен емес бір жігіттің жайрап жатқанын көреді. оқыс жаза ға 
жаны ашып кеткен жігіт мұңайып ойға кетеді. 
«Бұл жігіт те мен секілді жалғыз ба екен, әлде серігі бар-
ма екен? Егер серігі болса іздеп келер» деп тосып отырады. 
Ертеңінде бір қыз келіп жігіттің өлігін көріп зар еңіреп жы-
лайды. Мұны анадайдан көріп отырған жігіт қыздың жанына 
келіп:


76
күй аңыздар
—Ағаңды бөкен деп мен атып едім, әдейі атқам жоқ. Мен де 
жалғызбын, адам баласын көрмей далада жүргеніме талай жыл 
болды. Адам екенін білсем, бүйтер ме едім! Ағаңның өліміне 
мен де арманда қалып бармағымды шайнадым. Бақиға жол ал-
ған оралмайды. Ағаң үшін кегімді алам десең, міне құрал, мені 
ат та кегіңді ал. Мен де оның соңынан кетейін, бұл өкініштің 
куәсі болып артымызда сен қал!—деп жігіт қолындағы қа руын 
ұсынады. 
Көп жылап іші-бауыры езілген қыз, ақылы сабасына түскен 
соң жігітті өлтіруге қимайды да, жігітпен бірге өмір сүруді 
жөн көреді және жігітке: «Менің өксік атқан зарымды тарих қа 
қалдырар өнерің бар ма?» дейді. Жігіт: «бар» дейді де ұзақ тол-
ғанып алған соң, домбыраға қыздың оқыс өлген ағасын жоқтап 
зарлап жылаған қасіретін «Әттең, бөкен жарғақ-ай! Әттең, 
бөкен жарғақ-ай!» деген күйге айналдырып шертеді екен. 
Халық күйі «Бөкен жарғақ» осылай шығыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет