«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет86/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

164. «Сарын»
(ІІ нұсқа)
Қорқыт өлімге мойын ұсынбай, Сыр суының үстіне Жел-
маясының жабуын төсеп, қобызын толассыз сарнатып оты ра ды 
екен дейді. Қара қобызын сарнатып отырғанда ажал маңайы-
на жолай алмапты. Қобыз дауысы жеті күндік жерге жетіп, 
дүниенің бәрін сүттей ұйытса керек. 
Күндердің күнінде қиян шалғайда жатқан Арқадағы бір 
ауылдың серуен құрып жүрген қырық қызы Қорқыт қобызы-
ның дауысын естиді. Естулері мұң екен, қырық қыздың тұла 
бойы қорғасындай балқып, қобыздың талып жеткен үніне 
ынтыға құлақ түріп, өзге дүниені ұмыта ынтығады. Сол халде 
жеті күндік жерден талып жеткен қобыз дауысын бетке алып 
жүріп кетеді. Жүрген сайын үні айқындалған қобыз сазы қы-
рық қызды одан сайын баурап, үздіге шақырғандай болады. 
Қобыз дауысын ынтыға ұмтылған қырық қыз күн жүреді, 
түн жүреді. Жүрген сайын күйдің алапаты асқақтап, құдіреті ар-
тып, одан сайын баурай түседі. Қамсыз шыққан қырық қыз сол 
беттерінде Бетбақ деп аталатын елсіз-күнсіз шөлге тап болады. 
Табандары тілініп, еріндері кезеріп, жол азабынан гөрі шөл аза-
бы жандарына батады. Бірақ қыр астынан естілгендей сарнаған 
қобыз үні қыздардың сүлдерін сүйреп, сұңқылдай шақырады. 
Ақырында қырық қыздың отыз тоғызы Бетбақтың шөліне 
шыдамай, әбден титықтап, шөлден өледі. Тек бір қыз ғана таң-
дайы кеуіп, табанының ойылғанына қарамастан, Сырдың жа-
ғасына жетіп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссіз құлайды. 
Қорқыт ақсақ қыздың аузына су тамызып, басын сүйеп, 
мән-жайды сұрап біледі. Басқа қыздардың шөл азабын тар тып, 
жолда қалғанын естіп пұшайман болады. 
Кейін жаңағы Арқадан арып-ашып жеткен ақсақ қызбен 
Қорқыт көңіл жарастырып, соған үйленген екен. 
Арқадағы қырық қызға талып жеткен Қорқыт қобызының 
сарыны ұрпақтан ұрпаққа «Сарын» деген күй болып жетеді. 


150
күй аңыздар
Күні бүгінге дейін Арқада, ұлытаудың батысында, Дулыға-
лы Жыланшық өзенінің сол жақ жағалауында «Сарын жеткен» 
деген шоқы бар. Жергілікті халық бұл шоқыны «Сарын тауы» 
деп те атайды. 
Ал Қорқыт көңіл қосқан ақсақ қыздың бейіті Қорқыт бейі-
тінің солтүстігінде, Арқа жағында күні бүгінге дейін бар. Жер-
гілікті халық бұл бейітті «Ақсақ қыздың мұнарасы» деп атайды. 
Бұдан да өткен қызығы—Сарын тауынан шығып, Сырдың 
жағасындағы Қорқыт бейітіне тура жүргенде, Арыс құмының 
батыс жақ өкпе тұсынан «Қыз қалған» деген жерді кезіктіруге 
болады. Бұл жер шынында ұшқан құстың қанатын талдыра-
тын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын қу медиен құла дүз.
Міне, туған жердің төсінде ата-бабамыздың шежіре сыры 
осылай сақталып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет