«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет94/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

175. «Көкбалақ» 
Кербалақ пен Көкбалақ даңқы қатар шыққан тұлпарлар 
екен. Кербалағы сұлу мүсінді, ойнақтаған қызу қанды, мінезді 
ат болса керек. Ал Көкбалақ ондай емес, селт етпес сабыр-
лы, бірақ, ұлы дүбірде тегеурін танытатын лақпа жүйрік бо-
лыпты. Екеуі де иесіне екі түрлі қызық-қуаныш сыйлап, бірі 
сән-салтанатымен күйшінің көңілін өсірсе, екіншісі сенімін 
орнықтырып, жанын марқайтады екен. Бұл екеуін күйші де 
мәпелеп бағып, «бірінің бағын біріне байлатпайыншы» деп, 
бәйгеге қатар қоспайтын көрінеді. 
176. «Қоңыр қаз» 
Байжігіт күйші ер жетіп, бұғана бекітіп, оң-солын таныған 
кезде Ақсұңқар деген ақылына көркі сай қызға ғашық болады. 
Ақсұңқардың әкесі Ағиық ақсақал көпті көрген, өмірдің 
парқы мен нарқын бажайлаған, төңірегіне сыйлы, өзіндік дәу-
лет иесі болса керек. Ел-жұртқа күйшілігімен даңқы жайы лып 
кеткен Байжігіттің Ақсұңқарда көңілінің барын Ағиық ақса-
қал іштей сезіп, орайлы сәттерде дәмелі жігітті сынап жүреді. 
Ал Ақсұңқар болса, «Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні 
бір» деген емес пе, жұрт мақтаған жігітті қыз жақтайтын 
әдетке бағып, ол да Байжігіт күйшіні ұнатады. Бірақ ол кезде 
қалыңсыз қыз, жабусыз нар болған ба, жеме-жемге келгенде 
жоқшылық Байжігіттің қолын байлап, шарасын тауысады. 
Содан күндердің бір күнінде өнерін тал бойына тірек еткен 
Байжігіт сүйген қызы Ақсұңқарға шарт қояды: «Егер қа лың-
малыңның кесімін әкеңнің өзіне айттырып, кәдеге қа 
нағат 
еткізсем, маған қосылар ма едің?!»—дейді. Ақсұңқар болса: 
«Әрине, әке көңіліне қарап, ата салтын аттай алмай жүр емес-
пін бе, ата-анамның мақұлдауын естісем, мен сендікпін!»—деп 
ағынан жарылады. Екеуі сол жерде қол алысып, төс қағысып, 
уәде байласады. 
Сонымен күндер өтіп жатады. Бірде, Байжігіт жолаушылап 
келе жатқандай болып Ақсұңқардың үйіне түседі. Қыз әкесі 
Ағиық ақсақал: «иә, балам, ерден—ергенек, жерден—ебелек 
деген, сұқбат көңіл ашады, сұқбатсыз көңілді кір басады, атың 
жауыр болса да, атағың тәуір, қарап отырмай көсеуіңді көсеп, 
отыңды маздата отыр»,—дейді. Әке сөзіне іштей мағұрланған 


170
күй аңыздар
Ақсұңқар да Байжігітке сынай қарап, болар-болмас езу тарт-
қандай болады. 
Сонда, Байжігіт аз аяда арқаланып, мұндай орайлы сәттің 
кездесе бермейтінін көңіліне түйіп, томағасын сыпырған 
қырандай шабыт алып шыға келеді. Кешікпей-ақ, іргеге сүйей 
салған домбырасын алып, құлақ күйін баптайды да, бұрын-
соңды шиырламаған тың сарынды сырғыта жөнеледі. Айдын 
көлге ақ төсін басып, сыза қалқыған қоңыр қаздың үніндей бір 
сыршыл әуен біресе сыбырлап, біресе сыңқылдап «әп» дегеннен 
буынға түсе баурайды. Бара-бара әлгі қоңыр қаздың көкірегінен 
мұң төгілгендей, сабыры сырға, сыңқылы мұңға ұласқандай 
болады. Сырын айтып, мұңын шаққан сайын тыңдаушысын 
өз тағдырына ортақтастырып, сол мұң мен сырға ілестіріп жө-
нелгендей. Сол бетінде қоңыр қаз сыбырлап-сыңқылдайды, 
ма 
мырлап-мұңаяды, қамығып-қаңқылдайды, сарғайып-саң-
қыл дайды. Естір құлақтың құрышын қандырғандай, сезер жү-
рек тің шерін тартқандай болады. Сөйтіп, қоңыр қаздың мұңы 
мен сырының төрешісі етіп тыңдаушы жұртты ұйытып тастаған 
күй мамырлап барып тынады. 
Ағиық ақсақал түйіле тұнжырап отыр. Бәйбіше дәрменсіз 
халге түсіп, шөгіп кеткендей. Ақсұңқар болса жанары боталап
жасқа толып қалған. Бәрі де күйдің тілін жазбай танып отыр. 
үнсіздікті Ағиық ақсақал бұзып, Байжігітке оң шырай бе-
реді: «Шырағым-ай, мынауың қалыңсыз қыз беруге тұратын 
күй екен. Жұрттың сөзі рас болды, бармағыңа бақ қоныпты. 
Жалғызбын деп қамықпа, сенің өнеріңе көз қиығын салмас, кө-
ңіліне алмас, ниетін бермес қыз болмас!»—деп еңсесін тік те ген-
де, қызына көзі түседі. Сонда Ақсұңқар әкесінің ойын ұштап, 
«Сөзіңізге құлдық әке! Ата сөзі—парыз, ана сөзі—қарыз, байла-
уы шие сертім бар еді, түйінін өзіңіз шештіңіз. Мен бір қоңыр қаз 
едім, қияннан іліп, қияға қонатын қаршығаға олжа еттіңіз. Ме-
нің бағамның парқына бойлап, нарқын айттыңыз. өзіңіз тонын пі-
шіп, қалыңын бердіңіз. Енді тойыңызды қамдаңыз!» деген екен. 
Болар іс болған соң, Ағиық сөзге келмепті, Тәңірдің жазуы 
осы шығар деп, өз қолымен той-томалағын атқарып, жасау-жаб-
дығын қамдап, қызы Ақсұңқарды Байжігіт күйшіге қа лыңсыз 
қосыпты дейді. 
Байжігіттің бұл күйі ел ішіне «Қоңыр қаз» деген атпен жа йыл-
ған. Белгілі күйші Әшімтайдың да «Қоңыр қаз» атты күйі бар. 


170
171
күй және күйшілер туралы аңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет