164
күй аңыздар
Бұл сөзді естуі-ақ мұң екен, күйші домбырасының бұрауын
қоңыр дауысқа салып, әрбір қағысын салмақпен қағып, бір
күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы
дыбысынан басталған қа-
тал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естідің бе хан ием, қайғы-
лы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан,
айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен
сезіктенген уәзірлерінің бірі:
—Тақсыр! Мынау не дегелі отыр өзі?—дегенде, хан айнала
отырғандарға, домбырашыға қарап:
—Мына
бастағаның, сенің тартатын, менің еститін күйім
емес екен. Бірақ әдейлеп келген екенсің тарт, тарт!—депті.
Ханнан ұлықсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда,
домбыраның көмейінен:
Ақсақ құлан шошыған,
Қырда еркін жосыған.
Тынышын
бұзып құланның,
оқ атты сіздің ұлыңыз,
опат болды осыдан.
Хабарын соның айтуға
Арып-ашып алыстан
Келіп тұр мынау домбыра.
Болған істің барлығын
Қалдырмай түгел баяндар.
үніне
оның құлақ сал,
Қаумалаған, халайық,
Хан бастаған жарандар!
—деген қайғылы үн күңіреніп естіледі. Әсіресе домбыраның
әрбір буынында: «опат болды, опат болы»,—деген сөздер адам
айтқандай ап-анық естіліп, қайталанып тұрады. Мұны естігенде
төрде отырған хан егіліп жылайды.
Ханның шешесі мен әйелі,
қызы қатты қапаланып зарлайды. Домбыраның «сиқырлы
сазы» мен қайғылы үнінен есі кетіп әлсіреген хан:
—ұстаңдар мына күйшіні!—деп, уәзірлеріне әмір етіпті.
Сонда күйші ханға қарап:
—уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ
еді ғой, жазығым мына домбыра емес пе?—депті. Хан осы жерде
сөзден жығылып, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да
бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын»,—
деп домбыраның көмейіне қорғасын ерітіп құйдырыпты.
Содан
бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі.
164
165
күй және күйшілер туралы аңыздар
Достарыңызбен бөлісу: