34
35
халық күйлерінің аңыздары
жүй рік
жылқы көргің келсе, қырық жылдан кейін кел!»—деп
қырыс қабақ танытады. Сонда сыншы: «Байеке, көңіліңізге
алмаңыз, мен шынымды айтып отырмын. Шыққыр көзім шық-
паса, қойшының астындағы Тепеңкөк алдына қара салмас жүй-
ріктің өзі. Тек, бабын білмей жүрсіздер. Тепеңкөк бүйірі қыз-
бай шаппайтын, арқасы қозбай арындамайтын ат. Сол үшін,
бәйгеге қосарда екі қоржын басы құм теңдеп алу керек. Әрі-бері
шапқан соң құлағының түбінен тер білінер. Тер білінген соң-ақ
Тепеңкөктің
бауыры жазылып, созыла шабуға тиіс. Сол кез де
қоржын түбін өткір кездікпен тіліп жіберіп, құмын төксе, со-
нан соң аруағын көтере ұрандап,
айқайға салып отырса, Те пең-
көк сақпанның оғындай заулар еді!»—дейді.
Сыншының айтқан сөзіне бай құлақ асып, бәйгеге қосады.
Жай қоспайды, аяққаптай ала қоржынға құм теңдеп қосады.
Айтқанындай, сол жолы Тепеңкөк небір желаяқ жүйріктерге
шаң қаптырып, жалғыз қара болып бәйгеден келіпті. осыдан
кейін бабы табылған Тепеңкөк
бәйгенің алдын бермейтін бо-
лыпты дейді.
Мына күй сол Тепеңкөктің шабысын келтірген, арасында ат
үстіндегі баланың ұрандаған айқайын білдіретін күй екен.
Достарыңызбен бөлісу: