«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет20/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

27. «Аңшының зары» 
Аңшылықты кәсіп қылған екі ағайынды жігіт әлдебір се-
беппен елден кетіп, бір таудың шатқалын мекендейді. Күндер-
дің бір күнінде екеуі екі қырқада аң аулап жүргенде, ағасы 
бір құлан атып алады. Атып алған құланның етін қапқа са-
лып, терісін күнге дегдітіп отырғанда аспанды аяқ астынан 
бұлт торлап, қалың нөсер бұршақ құйып кетеді. Аңшы құлан 
терісін тастың бір қуысына күркелеп, соны паналауға мәжбүр 
болады. Міне, осы бір шақта, бір қырқаға шыға келген інісінің 
көз ұшында құлан көсіліп жатқандай болады. ойланбастан 
садақ тартқан інісі, құланды бауыздап ала қояйын деп кел-
се, өліп жатқан өзінің ағасы болып шығады. Ағасын келмеске 
жөнелткен бейбақ ауыр қайғыға душар болып, еңіреп жүріп, 
ағасын арқалап қосына қайтады. Бірден қосқа әкелуге баты-
лы бармай, сүйекті жақын бір жерге жайғастырып, ағасы ның 
қосына келеді. Алдынан шыққан жеңгесі қайнысын қан нен-
қаперсіз қарсы алады. «Кешіктіңдер ғой, ағаң қайда?» деген 
сұраққа, қайнысы айтарға жауап таппай, жоқ сылтау айтып қо-
сына кіреді. Сол кезде керегеде тұрған қоңыр домбыра қолына 
түсіп, бір мұңды күй шертеді. Сезімтал жеңгесі: «ойпырым-ай! 
Мына күйің бұрын-соңды естілмеген зар ғой! Сен не сұмдықты 


46
күй аңыздар
бастап отырсың! осы, ағаңнан айырылып қалып отырғаннан 
саумысың?»—депті. Сонда аңшының қолынан домбыра түсіп 
кеткен екен деп аңыз қылады. 
28. «Қорамжан»
(І нұсқа)
«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен. 
Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып, 
үсіп өліпті. Сондағы қайғылы хабарды естігенде, шешесінің: 
«Жалғыз қалған сорлы анаң, 
Қайғы мен зарға жаралған. 
Ажалың болды бораннан, 
Айналайын Қорамжан, 
Сорлап қалдым, Қорамжан!
Зарлап қалдым, Қорамжан»,—
деп айтқан жоқтауынан туған күй екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет