38
39
халық күйлерінің аңыздары
шаңырақ құрып кеткенде, байдың
қызы енді оң жақта отырып
қалған кәрі қыз атана бастайды.
Арада тағы да біраз жыл өтеді. Күндердің бір күнінде бұл
ауылға бір жігіт келеді. Ауыл-аймақты сөз етіп отырып, байдың
кербез қызының әлі ұзатылмағанын естиді. Сөйтсе, бұл жігіт-
тің де бір кездері
кербез қызға көңілі кетіп, сөз айтқан екен ғой.
ол кезде көкірегін көтеріп жүретін байдың қызы бұ жігітті «те-
ңім емес» деп, маңына жолатпай жіберіпті.
Сол кезде қыздың әлі оң жақта отырғанын естіген жігіт ойға
қалады: «Апыр-ай, бір кездері жастық сезімімді өзіне ауда рып,
түн ұйқымды қашырған ғашығым еді. Бірақ менің дәуле тім-
ді қорашсынып, меселімді қайтарып еді. Шын бақыттың кіл-
ті байлықта емес екенін енді білді ме екен?»—деп толғана ды.
Толғаныс үстінде отырып, сол сезімін күйге түсіреді. Күйдің
бас-аяғын тиянақтап
қолын жаттықтырған соң, ауылдың бір
өнерпаз жігітіне қолқа салады: «осы күйімді кербез қызға ай-
нытпай жеткізгейсің. Күйді түсініп, мән-жайыңды сұрай жат-
са, жасырмай айтарсың»,—дейді.
уәдеге берік өнерпаз жігіт кешікпей-ақ
кербез қыздың алды-
на барып, сәлем күйді тартады. Күй құлыншақтай құлдыраңдап
мұңсыз-қамсыз әуенмен басталады да, келесі бір орамында қос
ішектің асты-үсті қатар үн қатып,
қайнаған өмірдің бір қуаныш,
бір қайғы сарынына ойысқандай болады. Мұнан әрі күйшінің
қолы сағақтан қайтып, бел буынға жеткенде әлде бір өкінішті
өксік алқымнан алып, сығымдап тұрып алғандай әсер береді...
осы кезде кербез қыз «болды, тоқтат»
дегендей белгі беріп,
күйді үзіп тастайды. Сәлем күйді кімнің жолдағанын сұрап
біледі. Сонан соң, өңі бұзылып, қамыға жүдеп көз жасын мөл-
діретіп сығып-сығып алады.
Әлден уақытта бойын жинап, ең-
сесін түзеп: «Қайтейін, тағдырдың жазуы сол да, мен кер безсіп
жүріп, қадірімді білетін нағыз азаматты байқамай қа лыппын,
бағалай алмаппын»,—деп өкінішін білдірген екен.
Кейін осы күй ел ішіне «Кербез қыз»
деген атпен тарап кетсе
керек.
Достарыңызбен бөлісу: